2025 жылғы 5-сәуірде Орал қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық алаңда ел тарихында алғаш рет арқан тартыстан Қазақстан Республикасының жаңа рекорды тіркелді.
Аталмыш шарада 200 адам бір мезетте арқан тартып, ұлттық спорттың мәртебесін көтеріп, елді ерекше рухқа бөледі. Жарысқа «Жайық» және «Еділ» командалары қатысып, өзара мықтыны анықтады. Қызықты да тартысты сайыс нәтижесінде «Жайық» командасы жеңіске жетті. «Жайық» командасының құрамында БҚИТУ студенттері де күш сынасты.
Аталған жетістік ресми түрде тіркеліп, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

