БҚИТУ жалпы білім беру пәндер кафедрасының жұмысы білім алушыларға факультеттің барлық білім беру бағдарламалары бойынша әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында теориялық және практикалық білім, шығармашылық қабілеттер мен дағдылар жүйесін ұсынуға бағытталған.
Мектеп бітіргеннен кейін оқу орнын дұрыс таңдау өмірдегі ең маңызды шешім болып табылады! Дәл осындай оқу орны Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті болып табылады, онда дарынды және білімге құштар студенттер үшін барлық жағдай жасалған.
Кафедра заманауи нарықтың талаптарына сәйкес келетін жоғары кәсіби, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайды.
Кафедрада 17 оқытушы жұмыс істейді, оның ішінде 5 ғылым кандидаты, 2 профессор, 6 магистр және 13 аға оқытушы қызмет етеді. Оқытушылар жыл сайын біліктіліктерін арттырып, халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен инновациялық конкурстарға қатысады, ПОҚ ҚР ҒЖБМ ҒЖБССҚК ұсынған ғылыми басылымдарда және Web of Science, Scopus және т.б. халықаралық дерекқорларда индекстелетін ғылыми басылымдарда мақалаларын жариялайды.
Кафедраның ғылыми бағыттары:
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы мұнай индустриясы, құрылыс, қорғау, стандарттау және сертификаттау, есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер, көлік, технология және көлік техникасы, автоматтандыру және басқару, сәулет, технологиялық машиналар мен жабдықтар, Электр энергетикасы, ветеринария, Юриспруденция, жерге орналастыру және кадастр салаларында өзінің кәсіби қызметін жүзеге асыруға қабілетті болашақ мамандардан оқыту жүргізеді.
Жалпы білім беру пәндер кафедрасы кәсіби білімнің жаңа заман талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуге, жинақталған тәжірибені сыни тұрғыдан қайта қарастыруға, қажет болған жағдайда өзінің кәсіби қызметінің профилін өзгертуге, болашақ мамандығының әлеуметтік маңыздылығын түсінуге, кәсіби қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ отандық және шетелдік серіктес жоғары оқу орындарының жетекші оқытушыларын академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша оқуға бағытталған, өндірістен жетекші оқытушылар және тәжірибелі практиктерді тарта отырып, болашақ мамандардың білімін сапалы игеру бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде. Оқытушылар ғылыми ресурстарды ұлғайту бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады.
ЖББП кафедрада «Атамекен» ғылыми-студенттік үйірмесі жұмыс істейді. Үйірме аясында білім алушыларды ғылыми ақпаратты іздеуге, талдауға және жүйелеуге үйрету, кәсіби білімдерін тереңдету, сыни және аналитикалық ойлау қабілеттерін қалыптастыру, сондай-ақ студенттерге ғылыми мақалалар, тезистер, баяндамалар және т.б. жазуға көмек көрсету жүзеге асырылады.