БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТІНЕ АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА!

Құрметті бірінші курс студенті! Сізді Батыс Қазақстанның үздік университеттерінің бірінде оқудың басталуымен құттықтаймыз.

Сіз үшін өмірдің қызықты кезеңі — білім алуға, дағдылар мен құзыреттіліктерді қалыптастыруға, ғылыми-зерттеу және қоғамдық жұмыстармен айналысуға үйрететін студенттік кезең басталғалы тұр! Сізге денсаулық, сәттілік, үздік бағалар мен сәтті бастамалар тілейміз!

Бұл жадынама оқудың алғашқы жылында Сізге өз уақытыңызды жақсы бағдарлауға және жоспарлауға мүмкіндік береді. Есте сақтау керек маңызды нәрсе — сіздің келешектегі табысты өміріңіз қазіргі сәттегі тыныс тіршілігіңізді ұйымдастырудан бастау алмақ! Сіз әркез эдвайзер-кураторлардың, оқытушылардың, кафедра, институт және университет басшылығының көмегіне сүйене аласыз.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде оқу процесі оқытудың кредиттік технологиясы бойынша іске асырылады — бұл академиялық кредиттерді жинақтай отырып, білім алушылардың пәндерді және (немесе) модульдерді зерделеу реттілігін таңдау және дербес жоспарлау негізінде оқыту.

Білім беру қызметін жоспарлау мен басқарудың барлық ережелері мен рәсімдері Академиялық саясатта ұсынылған (https://wkitu.kz/kk/akademikaly-sajasat/  ).

Университетте бір оқу жылы шеңберінде оқу процесін ұйымдастыру оқу жылы ішінде оқу сабақтарын, емтихандарды, практикаларды, жазғы семестрді және оқу жұмысының басқа да түрлерін өткізу кезеңдерін, демалыс күндерін (демалыстар мен мерекелер) көрсететін Академиялық күнтізбе негізінде жүзеге асырылады.  (https://wkitu.kz/kk/akademijaly-k-ntizbe/ )

Университетте әр оқу жылы 2 семестрден тұрады, әр семестр теориялық оқытудың 15 аптасынан тұрады – бұл кесте бойынша сабақтар, оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы, студенттің өзіндік жұмысы.

Әр семестрде екі рет (сегізінші және он бесінші аптада) өткен тақырыптардың материалдары бойынша аралық бақылау жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша студент емтихандарға рұқсат алады. Әр семестрдің соңында емтихан сессиясы өткізіледі.

Университеттегі оқу сабақтарының түрлерін аудиториялық және аудиториядан тыс деп бөлуге болады. Аудиториялық сабақтарға дәрістер, зертханалық жұмыстар, практикалық және семинарлық сабақтар, консультациялар, емтихандар жатады. Аудиториядан тыс жұмыстарға студенттердің аудиториядан тыс уақытта, кестеден тыс, бірақ оқытушылармен кеңесе орындайтын жұмыс түрлері жатады: мысалы СОӨЖ, зертханалық, практикалық, семинарлық сабақтарға дайындық, курстық жобалар, стартаптар және т.б.

Университетте оқудың ерекшелігі — үнемі өз бетінше жұмыс істеу қажеттілігі. Өз бетінше табысты жұмыс істеу үшін,  пәндердің оқу бағдарламаларымен (силлабуспен), жеке оқу жоспарымен (ЖОЖ) және сабақ кестесімен (университет сайтында https://wkitu.kz/kk/raspisanie-novyj/ ) танысып, зерделеу ұсынылады.

1 қыркүйекке дейін білім беру бағдарламасы мен элективті пәндер каталогы (ЭПК) негізінде эдвайзердің көмегімен сіз өзіңіздің ЖОЖ құруыңыз керек. Оқу тапсырмаларының барлық түрлері бойынша Сіздің оқу жетістіктеріңіз балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша 0-ден 100 балға дейін бағаланады (https://docviewer.yandex.kz  ).

Университет сайтында университеттің бүкіл оқу-білім беру процесін егжей-тегжейлі сипаттайтын студенттерге арналған Бағдарлаушы-нұсқаулық орналастырылған (https://wkitu.kz/wp-content/uploads/2023/12/zholsilteme-2023.pdf )

Біздің университеттің әрбір студенті университетті, институтты басқаратын тұлғаларды, қызметтер мен бөлімдердің басшыларын білуі керек (https://wkitu.kz/ru/stranica-rektorat-novyj , https://wkitu.kz/kk/fakultetter/ ).

БҚИТУ студенттерінің Ар-намыс Кодексінде (https://wkitu.kz/kk/bilimgerdi-ar-kodeksi/ ) оқу кезеңінде сақталуы тиіс құқықтар мен міндеттер егжей-тегжейлі жазылған.

Кітапхана бөлімдерінің жұмыс режимі туралы ақпаратты университет сайтынан көруге болады https://wkitu.kz/kk/kitaphana-2/ .

Біздің университетте студенттерге арналған екі жайлы жатақхана бар. Бірінші курсқа түскен өзге қалалар мен облыстардан, аудандардан келген барлық студенттерге (егер олар құжаттарды тапсыру кезінде көрсеткен болса) жатақхана беріледі. Студенттер жатақханада тұруға онлайн тіркеуді ЖОО сайтында жүргізе алады: https://wkitu.kz/kk/b-itu-miri/zhata-hana/

Университет сайтында (https://wkitu.kz/kk/b-itu-miri/ ), институтта әртүрлі спорттық — көркемдік секциялар, клубтар, бірлестіктер, үйірмелер, еріктілер қызметі, студенттік өзін-өзі басқару және т. б. туралы толық ақпарат алуға болады.

Құрметті студент! Университет өз студенттеріне алуан түрлі мәселелерді шешуге көмектеседі, университет сайтында ректордың блогы бар (https://wkitu.kz/kk/rektor-blogy-2/ ), бірақ барлық сұрақтар бойынша алдымен  институт әкімшілігін жүгініңіз.

Бұл жадынама мен біздің кеңестеріміз сізге бәрін тезірек түсінуге және өзіңізді нағыз студент ретінде сезінуге көмектесетініне сеніміміз мол!

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz