«Тарих және құқық» кафедрасы болашақ мамандарды тарихи біліммен қаруландыру, студенттерді патриотизм мен гуманизмге тәрбиелеу, педагогикалық әрі ғылыми кадрларды жаңашыл шығармашылық бағытта жұмыстандыру, орта мектеп мұғалімдеріне Қазақстан тарихынан және оны оқыту мәселелерінен көмек көрсету, құқық қорғау саласының болашақ мамандарын салауатты, сыбайлас жемқорлық белгілерінен ада, ізденімпаз қасиеттерге баулу мақсатында «6В01601-Тарих», «6В12301-Құқық қорғау қызметі», «7М01601Тарих» білім бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды.
Кафедраның ғылыми педагогикалық әлеуеті жоғары деңгейде. Оның құрамында ғылым докторлары (академик Т.З.Рысбеков, профессор Б.Ғ.Шинтимирова, профессор С.Т.Рысбекова, профессор С.Е.Каиржанова), ғылым кандидаттары (профессор С.Б.Құрманалин, профессор Ж.Т.Ерназаров, қауымдастырылған профессор Р.Л.Абдрахманова, қауымдастырылған профессор А.Е.Бижанова, қауымдастырылған профессор А.Карим), доктор PhD (қауымдастырылған профессор М.Д.Калменов) тұрақты дәрістер оқып келеді. Кафедраның профессор-оқытушылары дипломдық жұмыстар мен магистрлік диссертацияларға жетекшілік жасап, өлке тарихына қатынасты іргелі ғылыми еңбектерді, оқулықтарды, оқу-әдістемелік құралдарды, ғылыми мақалаларды жазып, әр түрлі аймақтық, республикалық, халықаралық, ғылыми-теориялық конференцияларды, форумдарды, семинарларды, дөңгелек үстелдерді ұйымдастыруға тікелей атсалысуда.
Кафедра ұйымдасқаннан бері көптеген монографиялар, ұжымдық еңбектер жазылды, атап айтқанда «Қазақстан Республикасы және ТМД елдері интеграциясы тарихы (1991-2005жж)» (Б.Г.Шинтимирова), «Отты жылдар қаһармандары» (Б.Г.Шинтимирова), «Семейная обрядность казахов: символ и ритуал» (Ж.Т.Ерназаров), «Кіші Жүз және Есет Көтібарұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» (С.Б.Құрманалин), «Батыс Қазақстанның қала халқы: әлеуметтік-демографиялық аспектісі (1926-1989жж)» (А.М.Балыкова), «Батыс Қазақстанның тарихи демографиясы» (А.М.Балыкова), «Маңғыстау жерасты мешіттері. Подземные мечети Мангистау» (М.Д.Калменов), «Культово-подземные сооружения Мангистау» (М.Д.Калменов), «Жайық қалашығы – ортағасырлық қала мәдениетінің ескерткіштері» (М.Д.Калменов), «Музееведение» (А.Е.Бижанова), «Орал қаласы Ұлы Отан соғысы жылдарында» (Т.З.Рысбеков, Б.Г.Шинтимирова, М.Д.Калменов, А.М.Балыкова).
Тарих және құқық пәндер кафедрасы ғылыми-әдіснамалық орталық ретінде қаламыздағы, көршілес облыстардағы С.Бәйішев атындағы Ақтөбе университетімен, Батыс Қазақстанмен шекаралас орналасқан Ресей Федерациясының Орынбор, Самара, Германияның Гете, Бонн университетімен оқу-әдістемелік және ғылыми байланыс жасап, өзара тәжірибе алмасу арқылы білім сапасын арттыруға, ғылыми сабақтастыққа қол жеткізді.
Әр жылдары кафедраның шақыруымен тарихшы студенттер алдында көрнекті ғалымдар Мәскеуден т.ғ.д., профессор Д.А.Киселева, Германия мемлекетінің Франкфурт қаласы, Гете университетінің профессоры Ганс Яков Шмитц, Германия мемлекетінің Бонн қаласы, Бонн университетінің профессоры Нұрлан Кенжеахмет секілді танымал ғалымдар дәрістер оқып, студенттер тарапынан үлкен қызығушылықты туғызды.
Тарих және құқық кафедрасы қазіргі кезенде Батыс Қазақстандағы іргелі жоғары оқу орындарының біздің төл университетіміздің оқу-тәрбие, ғылыми жұмыстарының қарқынды жүруіне өзіндік үлесін қосуда. Кафедраның өзіндік дара міндетіне сәйкес, аймақты тарих, әлеуметтік-саяси бағыттағы мамандармен, сондай-ақ құқық қорғау саласының кадрларымен қамтамасыз ету жолында еңбек етуде.