Білім және менеджмент институты

Институт туралы

Білім және менеджмент институты көп салалы, қазіргі заманғы материалды-техникалық базамен қамтылған, бәсекеге қабілетті, қарқынды дамып келе жатқан Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің құрамдас бөлігі. Институт құрылымына Цифрландыру және инновация, Академиялық мәселелер бойынша, Ғылыми және халықаралық байланыстар жөніндегі, Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі епартаменттер мен Педагогика және психология, Шетел тілдері және аударма ісі, Қаржы және экономика, Қоғамдық пәндер және дене тәрбиесі, Филология, мәдениет және оқыту әдістемесі кафедралары кіреді. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті оның ішінде Білім және менеджмент институты - заман талабына сай өсіп жетіліп келе жатырған жоғары оқу орны. Институт өзінің қалыптасу тарихында республикалық жоғары мектеп білім жүйесінде өз орнын анықтап, жұртшылықтың сеніміне ие болып, талапкерлер таңдауының үдесінен шықты. Білім беру бағдарламалары шеңберіндегі мемлекеттік стандартқа сай, кәсіптік шеберлікті қалыптастыруға, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталған. Бұл мақсатта өз ісінің шеберлері ғылыми санатты жоғары, тәжірибелі оқытушы-профессорлар қауымы еңбек етіп келеді. Институт Қазақстанның белді оқу орындарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының бірнеше оқу орындарымен, соның ішінде Самара мемлекеттік университеті, Самара педагогикалық университеті, Орынбор мемлекеттік университетімен тәжірибе алмасу іс-шараларын жүргізіп келеді. Оқу орнының Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов педагогикалық университеті, Вильнюстегі «Миколас Ромерис» университеті, П.Лулумба атындағы Ресей Халықтар Достығы университеті, т.б. секілді жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік байланыстарды жолға қоюы назар аударарлық жетістік болды. Бүгінде Институт Қазақстан Республикасының даму деңгейін көрсететін үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін жетілдіруді көздейді. Үздіксіз кәсіби білім беруді модернизациялауда, жаңа ақпараттық және алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру арқылы оқу процесін жетілдіруді, ғылым мен практиканы ұштастыруды, оқытушылар мен студенттердің шығармашылығын қалыптастыруды өз дамуының негізгі бағыттары деп санайды. Келешекке ұмтылған Институттың алға қойған мақсаты - жаңа типті жоғары оқу орнына айналу, уақыт талабына сай мамандарды даярлайтын XXI ғасырдың жоғары оқу орны болу.

Білім беру бағдарламалары

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Байланыс

Білім және менеджмент институты
Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz