Шакешев Бекбулат Темержанович
Бірінші және оқу әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор, техника ғылымдарының кандидаты
Адрес: Орал қ, Н.Назарбаев даңғылы, 208 үй
Телефон: 8(7112) 24-32-50
E-mail: bekshakeshev@mail.ru
Миссиясы: білім нарығында бәсекеге қабілетті жаңа буынның білім алуына жәрдемдесу. Миссиясы: Білім нарығында бәсекеге қабілетті, білімді, жаңа заманға сай мамандарды дайындауға үлес қосу.
Міндеттері:
- Оқу үрдісін жоспарлау, үйлестіру және жедел басқару;
- Еңбек нарығы мен жұмыс берушілердің талаптарына сай білікті мамандарды даярлау сапасын арттыру;
Қызметтің негізгі бағыттары:
- мамандықтар бойынша академиялық күнтізбенің орындалуын, ПОҚ-ның сабақ кестесінің жүзеге асуын, кураторлық сағат және емтихандардың өтуін бақылау;
- баға қою саясатын реттеу, оқытылған кредиттер және алынған баға туралы ақпаратты және студенттік академиялық рейтингін ( GPA) басқару;
- облыстың білім беру мекемелерінде кәсіби бағдар бойынша жұмысын, университеттің қабылдау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;
– аумақтың экономикалық, әлеуметтік, өндірістік саласына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті маман даярлау;
– ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтардың, ғылым мен тәжірибе жетістіктерінің негізінде жоғары кәсіби жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жоғары (бакалавриат) және жоғары оқу орнынан кейінгі (магистратура, докторантура) білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру;
– студенттерді кәсіби сараманнан өткізу және жұмыспен қамту саласында білім беру басқармаларымен, орта жалпы білім беру мекемелерімен, аймақтық ұйымдармен, мекемелермен университет арасында қарым-қатынасын дамыту;
– университет кафедраларының филиалдарының қызметі арқылы «Білім беру-ғылым-өндіріс» қарым-қатынасты нығайту мақсатында қызметті реттеу, сараманның барлық түрлерін сапалы ұйымдастыру, еңбек нарығын зерттеу және университет түлектерін жұмыспен қамту ісіне үлес қосу;
– барлық оқу түрі студенттерінің оқу үлгерімі мен білім сапасына бақылау өткізу, факультеттер мен кафедралардың оқу үрдісін ұйымдастыру қызметін бақылау, сынақ-емтихандық сессиялар мен білім алушылардың мемлекеттік аттестациялауды дайындау және өткізу кезінде кафедра жұмыстарын оперативті қадағалау;
– академиялық лектерді құру, аналитикалық және статистикалық есеп беру, студенттерді ауыстыру, оқудан шығару, қайтадан оқуға қабылдану және қайта оқыту жөніндегі бұйрықтарды шығару ісіне бақылау жасау.
