ҰБТ ФОРМАТЫ

Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) Қазақстанда 2004 жылы енгізілді. Тестілеу Қазақстан Республикасындағы жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген тұлғалардың білімін бағалаудың негізгі әдісі болып табылады.

ҰБТ-дағы пәндердің саны өзгеріссіз қалады, яғни 2026 жылғы талапкерлер үш міндетті және таңдау бойынша екі пәннен тест тапсырады.

Осылайша, ҰБТ-2026 тапсырмалар саны өзгеріссіз қалады, жалпы 120 сұрақ. Оның ішінде «Қазақстан тарихынан» 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығынан» 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылықтан» 10 тапсырма және екі бейіндік пән бойынша 40 тапсырма. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Бұл ретте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін ұсынылатын қосымша 40 минут уақыт сақталатынын айта кету керек.

Шығармашылық бағытты таңдаған талапкерлер өткен жылдардағыдай ҰБТ-ны екі пән «Қазақстан тарихы» (20 тапсырма, шекті балл – 5) және «Оқу сауаттылығы» (10 тапсырма, шекті балл – 3) бойынша тапсырады. Тапсырмаларды орындау уақыты – 70 минут. Ал шығармашылық емтихандар жоғары оқу орындарында өтеді.

Толық ақпарат: https://testcenter.kz/?page_id=22722

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz