Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы Қазақстанның Батыс аймағындағы тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын білім беру қызметтерін ұсынады және еңбек өнімділігінің жоғары тиімділігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін ғылым, техника және технологиялар саласы бойынша жаңашылдықтарды енгізіп, білім алушыларға білім мен тәжірибенің берілуін қамтамасыз етеді. Кафедра бакалавриаттың 6В07102 «Электр энергетикасы», 6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер», 6В06102 «Ақпараттық жүйелер», 6В06103 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету», 6В07105 «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады.
Кафедрада мамандарды дайындау қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Кафедра Электр энергетикасы және электрмен жабдықтау саласында, сондай-ақ әртүрлі бейіндер бойынша инженерлік міндеттерді орындауға құзыретті IT-бағыттар бойынша техникалық бағыттағы даярланатын кадрларды оқытудың және кәсіби даярлаудың прогрессивті әдістерін жетілдіру бойынша үнемі жұмыс істейді.
Кафедрада Қазақстанның кәсіпорындары үшін аса маңызды болып табылатын, еліміздің сапалы кадрлық әлеуетін шығаратын бейіндер бойынша инженерлік-техникалық кадрларды даярлау жүргізіледі.
Кафедра қызметінің негізгі бағыттары электрмен жабдықтау салаларында, сондай-ақ ақпараттық технологиялар мен есептеу техникасы саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және пәндерді оқыту болып табылады. Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасының оқытушылары жоспарлы түрде Қазақстан мен жақын шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында өз біліктіліктерін арттырады.
ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысы осы бағыттар шеңберінде бастамашыл-іздестіру сипатына ие. Негізгі қорытынды нәтижелер оқу құралдарын шығару, мақалалар жазу, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалармен сөз сөйлеу, оқу, дәріс материалдарын өзектендіру, шаруашылық келісім-шарт жұмыстарын орындау болып табылады.
Халықаралық ғылыми ынтымақтастық аясында БҚИТУ-дың Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы кафедрасы мен Н. И. Вавилов атындағы СМАУ-дың «Инженерлік физика, электр жабдықтары және электротехнологиясы» кафедрасы арасында, сонымен қатар Тамбов мемлекеттік техникалық университетінің «Электроэнергетика» және «Ақпараттық жүйелер және ақпаратты қорғау» кафедраларымен шығармашылық ынтымақтастық бағдарламасы әзірленіп, қол қойылды.
Оқытушылар келесідей жобалар бойынша жұмыстар жүргізуде: “Жайылымдарды пайдалану тиімділігін арттыру” (ғылыми жетекшісі Садыкова Л.А.), “Ізденіс“ ЖШС кәсіпорнындағы электр энергиясының сапасын зерттеу” (ғылыми жетекшісі Захаров В.П.), “Қызметкерлердің жұмыс уақытын есепке алудың мобильді қосымшасын әзірлеу” (ғылыми жетекшісі Утешева Г.Ш.).