Педагогикалық факультет

Факультет туралы

2015 жылдың қыркүйегінде ашылған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті факультеттерінің ішіндегі іргелі факультет – педагогика факультеті болып табылады. Факультетте педагогикалық және құқықтық бағыттағы кәсіби мамандар даярланады. Факультетті ұзақ жылдар бойы елімізге белгілі ғалым, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Б.С.Джумакаева басқарса, 2021 жылдан бері педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Қ.Ажгалиев басқарып отыр.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті оның ішінде Педагогика факультеті - заман талабына сай өсіп жетіліп келе жатырған жоғары оқу орны.
Педагогикалық факультет өзінің қалыптасу тарихында республикалық жоғары мектеп білім жүйесінде өз орнын анықтап, жұртшылықтың сеніміне ие болып, талапкерлер таңдауының үдесінен шықты.
Білім беру бағдарламалары шеңберіндегі мемлекеттік стандартқа сай, кәсіптік шеберлікті қалыптастыруға, жалпы адамзаттық құндылықтарды меңгертуге бағытталған. Бұл мақсатта өз ісінің шеберлері ғылыми санатты жоғары, тәжірибелі оқытушы-профессорлар қауымы еңбек етіп келеді.
Педагогика факультеті Қазақстанның белді оқу орындарымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының бірнеше оқу орындарымен, соның ішінде Самара мемлекеттік университеті, Самара педагогикалық университеті, Орынбор мемлекеттік университетімен тәжірибе алмасу іс-шараларын жүргізіп келеді. Оқу орнының Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов педагогикалық университеті, Вильнюстегі «Миколас Ромерис» университеті, П.Лулумба атындағы Ресей Халықтар Достығы университеті, т.б. секілді жақын және алыс шетелдердің жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ғылыми-тәжірибелік байланыстарды жолға қоюы назар аударарлық жетістік болды.
Бүгінде Педагогика факультеті Қазақстан Республикасының даму деңгейін көрсететін үздіксіз білім берудің ұлттық жүйесін жетілдіруді көздейді. Үздіксіз кәсіби білім беруді модернизациялауда, жаңа ақпараттық және алдыңғы қатарлы технологияларды ендіру арқылы оқу процесін жетілдіруді, ғылым мен практиканы ұштастыруды, оқытушылар мен студенттердің шығармашылығын қалыптастыруды Педагогика факультеті өз дамуының негізгі бағыттары деп санайды.
Келешекке ұмтылған бұл мектептің алға қойған мақсаты - жаңа типті жоғары оқу орнына айналу, уақыт талабына сай мамандарды даярлайтын XXI ғасырдың жоғары оқу орны болу. Халықаралық зияткерлік нарықта бәсекелесуге қабілетті жаңа буын мамандар әзірлеуге бағытталған.

Білім беру бағдарламалары

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

Байланыс

Педагогикалық факультет
Мекен-жайы:
Телефон/факс:
ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz