2026 оқу жылының 8-9 сәуір аралығында Алматы қаласында Халықаралық білім беру корпорациясында Жоғары оқу орындары студентері арасындағы Республикалық пәндік олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға 15 Жоғары оқу орындарынан 87 білім алушылар қатысты. Университеіміздің атынан «Сәулет және құрылыс» кафедрасының 6В07302-Құрылыс білім беру бағдарламасының СТР-31О тобының білім алушысы Б.Р.Мұрадым геоехника-1 пәнінен, СТР-32О тобының білім алушысы Н.В.Гарбуз «Құрылыс құрылымдары-1» пәнінен қатысты. Білім алушылар өздерінің білімдерін сынап СТР-32О тобының білім алушысы Н.В.Гарбуз жеңімпаз атанып 2-ші дәрежелі дипломға ие болды ғылыми жетекшісі т.ғ.к Нариков К.А., ал СТР-31О тобының білім алушысы Б.Р.Мұрадым жеңімпаз атанып 3-ші дәрежелі дипломға ие болды ғылыми жетекшісі т.ғ.к Шакешев Б.Т. Жүлделі орынға ие болған білім алушыларға жоғары көрсеткіштері үшін Халықаралық білім беру корпорациясында жазғы мектеп аясында 2026 жылдың 22-26 шілде аралығында өтетін «Дронмен басқару және Fablav-мен жұмыс жасау» курсына қатысуға арналған арнайы сертификаттармен марапаттады. Сонымен қатар  ұйымдас-тырушылар тарапынан ғылыми жетекшілеріге және қатысушыларға ризашы-лықтарын білдіріп толағай табыс тіледі. Шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, Олимпиада жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz