«Қаржы және экономика» кафедрасы 6В04106 «Қаржы», 6В04105 «Есеп және аудит», 6В04103 «Менеджмент», 6В04102 «Экономика», 6В041104 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (бакалавриат) және 7М04101 –7М04107 «Қаржы», 7М04102 «Экономика» (магистратура) білім беру бағдарламасы бойынша бітіруші кафедра болып табылады.
Кафедраның миссиясы: бәсекеге қабілетті, қаржы, есеп және туризм саласында жаңа формациядағы жоғары аналитикалық және көшбасшылық қасиеттерге ие, командада жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлау.
Миссияны іске асыру мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
– ғылыми және практикалық құндылығы бар зерттеулердің нәтижелерін жариялау және енгізу;
– барлық қаржы-экономикалық салаларда кәсіби білімді қалыптастыру және тұрақты жетілдіру;
– кафедраның білім беру қызметінің тұрақты динамикалық дамуын қамтамасыз ету.
Қысқа мерзім ішінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбиелік сипаттағы күрделі міндеттерді тиімді шеше алатын пікірлестер ұжымы қалыптасты. Кафедраның ПОҚ сандық және сапалық құрамы қойылатын талаптарға жауап береді. Штатта экономика ғылымдарының кандидаттары және қауымдастырылған профессорлары – Курманова Г. К., Суханбердина Б. Б., Манасова С. С., Макашева Ж. Ж., Суербаев Ш.Х.., Махмудов А. Д., Есеналиев Б.С., Догалов А.Н., Машанова С.А., экономика ғылымдарының магистрлері – Салимбаева Ш. Д., Нурманова А. К., Тогашева Д. С., Амангалиева А. С., Уразова Б.А., экономика магистрлері –Ислямов Р. С., Тлесова Ж.А., және практикалық тәжірибесі бар аға оқытушылар Аймешева Ж. А., Федорченко Л.В., Умарова Н.С.
«Қаржы және экономика» кафедрасы мүшелерінің басым көпшілігі базалық білімі, ғылыми дәрежесі және ғылыми атағынан басқа практикалық жұмыс тәжірибесіне ие, бұл аталған тәжірибені пәндерді оқыту процесінде пайдалануға және есептік-қаржылық қызмет саласында жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Кафедра оқытушысы Нурманова А. К. «Зерде» орталығында оқып, кәсіби бухгалтер сертификатын алды.
Ғылыми-зерттеу жұмысы
Кафедраның ПОҚ «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының заманауи мәселелері» және «Аймақтың инновациялық экономикасы және оны жетілдіру жолдары» шаруашылық келісім-шарт тақырыбы аясында жүзеге асырылуда (2019-2024 жж.кезеңі).
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қаржы және экономика» кафедрасының (Орал қ., Қазақстан Республикасы) және Самара Мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетінің (Самара қ., Ресей Федерациясы) БҚИТУ арасындағы «Әлеуметтік-экономикалық даму факторлары жүйесіндегі кәсіпкерлік» ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша шығармашылық ынтымақтастық туралы шарт аясында (Батыс Қазақстан және Самара облыстарының материалдарында)» 2023-2028 жж.
Кафедра зерттеулерінің ғылыми-практикалық бөлімі кәсіпорындармен, коммерциялық банктермен, мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста жүргізіледі.
Кафедра «Кәсіпкерлік аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму факторы ретінде» (Батыс Қазақстан облысы материалдарында) шаруашылық келісімшарт тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кафедра оқытушылары республикалық және халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысады.
Кафедраның ғылыми жұмысының маңызды мақсаты кафедра оқытушыларының ғылыми жұмысының тиімділігін арттыру, студенттердің, магистранттардың дербестігін, шығармашылық қабілеттерін, кәсіби дағдыларын, ғылыми зерттеулер жүргізу дағдыларын дамыту, оған студенттер мен магистранттарды тарту болып табылады.
Кафедрада ғылыми-студенттік үйірмелер ұйымдастырылған, оған «Қаржы», «Есеп және аудит», «Менеджмент», «Экономика», «Мемлекеттік және жергілікті басқару» (бакалавриат) 1-4 курс студенттері және магистранттары қатысады. Студенттер мен магистранттар халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға белсене қатысады.
Кафедра «Қаржыгерлер күні», «Бухгалтерлер күні» дәстүрлі іс-шараларына ғылыми студенттік конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер, олимпиадалар өткізуге белсенді қатысады.
Оқу-әдістемелік жұмыс
«Қаржы және экономика» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы оқу үрдісінде инновациялық технологияларды қолданады. Сабақтар заманауи технологиялар мен мультимедиялық құрылғыларды қолдану арқылы жоғары деңгейде өткізіледі. Жыл сайын оқытушылар ашық дәрістер мен практикалық сабақтар өткізеді.
Профессорлық-оқытушылар құрамы үнемі өз біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттырып отырады. Жыл сайын оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар шығарылады.
Студенттер мен магистранттарды ынталандыру, олардың шығармашылық ойлауын дамыту, оқытушылардың әдістемелік біліктілігін арттыру мақсатында ақпараттық дәріс, проблемалық дәріс, визуализация дәрісі, семинар-пікірталас, семинар-зерттеу, дөңгелек үстел қолданылады.
Оқу процесінде рөлдік ойындар, проблемалық тапсырмалар, шағын топтардағы жұмыс, іскерлік ойын, ситуациялық талдау, «миға шабуыл», «жоба әдісі» интерактивті әдістері, ұжымдық тренингтер, сұрақ-жауаптар, пікірталастар белсенді қолданылады. Білім беру үдерісін табысты жүзеге асыру үшін мамандандырылған 1С-Кәсіпорын кабинеттері (505 кабинет, №1 корпус), «HR-менеджмент» (608 кабинет), Виртуалды кәсіпорын (кабинет 503/1), Жергілікті атқару органы (кабинет 609), Қаржылық сауаттылық (кабинет 510) және Виртуалды банк кабинеті (605 кабинет) бар.
Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы көбінесе еңбек нарығының қажеттіліктерімен анықталады және үнемі жетілдіріліп отырады. Кафедра жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне бағдарланған бағдарламаларды әзірлейді және іске асырады және еңбек нарығы конъюнктурасының өзгеруін және негізгі тұтынушылардың білім сапасына қойылатын талаптарын үздіксіз қадағалауға мүмкіндік беретін тетіктер жасайды.
Қаржы және экономика кафедрасында оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру білім беру бағдарламалары бойынша үлгілік және оқу бағдарламаларын белгіленген тәртіппен әзірлеуді, жаңартуды және бекітуді, оқу және оқу-әдістемелік құралдарды басып шығаруды жоспарлау мен дайындауды, дәріс курсының мазмұнын әзірлеу мен жаңартуды, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқауларды, білімді бақылау нысандарын жетілдіруді, білімалушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру мен жандандыруды, кафедраның профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық шеберлігін арттыруды көздейді.
Оқу-әдістемелік жұмыс барысында кафедра студенттері мен магистранттарының кәсіптік практиканың әртүрлі түрлерінен өту процесін реттеу жүзеге асырылады. Кәсіптік практика-білім алушылардың теориялық оқыту процесінде алған білімдерін бекітуге және тереңдетуге, білім беру бағдарламасы бойынша қажетті дағдыларды және практикалық жұмыс тәжірибесін алуға бағытталған жоғары кәсіптік білім берудің негізгі білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі.
Практикаға бағытталған сабақтар «TRISTAR» ЖШС, кафедра филиалында өткізіледі.
Кафедра Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Батыс Қазақстан филиалымен, «БанкЦентрКредит» АҚ-мен, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Батыс Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Орал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесімен, «МГҚК ҚазҚұрылысСервис» АҚ Орал филиалымен, «TechnodomOperator» (Технодом операторы) және т.б. өзара тығыз байланыста жұмыс жасайды. Олар өндірістік практикадан өту үшін орындар мен практикалық материалдарды, баланстық есептерді және оқу процесінде пайдаланылатын басқа да материалдарды ұсынады. Жыл сайын кафедра студенттерді тәжірибеден өткізу үшін Ақсай қаласындағы б.в. КПО-ға жібереді.
Білім алушылар «Атамекен» ҰКП, «Орал қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ, «Батыс Қазақстан облысының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ, «Батыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ, аудандық және ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары, «QazStroyKompany» ЖШС, «IT Group Kazakhstan» ЖШС және т. б. ұйымдарда кәсіптік практикадан өтеді.
Нарықтық экономика және басқаруды жетілдіру жағдайында ұлттық экономиканың барлық салаларында қаржыны, қаржы институттарын ұйымдастыру мен басқарудың рөлі мен маңызы күшейе түсуде. Әсіресе, бұл мамандық қазіргі экономикалық жағдай кезеңінде өзекті болып отыр, өйткені қаржы ағындарын дұрыс басқару ақша ресурстарының жетіспеушілігін жеңуге және қаржы нарығындағы субъектілердің мінез-құлқына нақты болжам жасауға мүмкіндік береді.
Қаржы, Есеп және аудит, Экономика, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Менеджмент білім беру бағдарламалары білім алушыларға әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру және орындау процестері, есеп пен есептілікті жоспарлау тәртібі, кәсіпорындардың ақша ағындарын ұйымдастыру және басқару, кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі мен есептілігін жасау туралы кең білім алуға мүмкіндік береді.
Кафедрада тәрбие үдерісін ұйымдастыру әлеуметтік маңызды және қоғамдық дамудың маңызды бағыты болып табылады. Қоғамның қазіргі әлеуметтік-экономикалық дамуы жағдайында жастарды тәрбиелеу адамның рухани және адамгершілік дамуына, оның кәсіби анықтамасы мен өсуіне бағытталған. Студенттермен тәрбие жұмысы жеке тұлғаның жеке жетістіктерге жету қажеттілігін дамытуға, мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға, тәуелсіздікті қалыптастыруға, өзін-өзі растауға, жеке тұлғаның өзін-өзі қамтамасыз етуін, оның негізгі қасиеттерін дамытуға бағытталған.