Университет туралы

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті — білім беру, қызмет көрсету саласы, бизнес, инженерия, ауыл шаруашылығы және басқа да бағыттар бойынша мамандар даярлауда көпжылдық тәжірибесі бар көпбейінді жоғары оқу орны.

БҚИТУ білім беру қызметін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті 2015 жылғы 30 қыркүйекте берген № KZ70LAA00005828 мемлекеттік лицензиясына сәйкес жүзеге асырады.

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті 2015 жылы қолданыстағы заңды тұлға ретінде құрылды, алайда оның жалпы тарихы 25 жылдық білім беру қызметін қамтиды. Осы жылдар ішінде жоғары оқу орны 40 мыңнан астам маман даярлады. Олардың қатарында Сенат пен Мәжіліс депутаттары, министрліктер мен ведомстволардың қызметкерлері, мемлекеттік кәсіпорындар мен жеке фирмалардың басшылары және мамандары, мемлекеттік басқару жүйесінің менеджерлері, қоғам қайраткерлері бар.

Университеттің көпжылдық даму тарихы мен білім беру қызметтері нарығындағы беделі оның миссиясының, пайымының және стратегиясының бірегейлігін айқындайды.

Университет миссиясы: Креативті ойлайтын, әлеуметтік жауапты тұлғалар мен бәсекеге қабілетті мамандар даярлау мақсатында жаңа білім, инновациялар мен технологиялар қалыптастыру.

Университет пайымы: Батыс Қазақстандағы ғылым мен білімнің тартылыс ошағына айналу.

Қазіргі уақытта БҚИТУ-да 10 мыңнан астам білім алушы мен магистрант, соның ішінде Ресей Федерациясынан, Түрікменстаннан, Грузиядан, Өзбекстаннан және Қырғызстаннан келген азаматтар білім алуда.

Университет құрылымына Білім және менеджмент институты, Салалық технологиялар институты, ғылыми кітапхана, редакциялық-баспа бөлімі, сондай-ақ ғылыми, оқу және өндірістік бағыттағы өзге де бөлімшелер кіреді. БҚИТУ-дың 9 оқу ғимараты, студенттік жатақханалары, 3 типтік спорт залы және 2 қосалқы спорт залы бар.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының сұранысқа ие болу ұлттық рейтингінде БҚИТУ 2020 жылы 14-орын, 2021 жылы 13-орын, ал 2022 жылы 15-орын алып, «ТОП-15» қатарына енді. IAAR агенттігі өткізген Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының «ТОП-20 – 2023» бас рейтингінің қорытындысы бойынша БҚИТУ 15-орынға ие болды. «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өткізетін Қазақстан жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары рейтингінде БҚИТУ-дың білім беру бағдарламалары жыл сайын үздік ондыққа кіреді.

Университетте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері, «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ы. Алтынсарин», «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін», «А. Байтұрсынов атындағы» және басқа да медальдар мен төсбелгілердің иегерлері, сондай-ақ спорт шеберлері еңбек етеді. 2020 жылы университеттің екі оқытушысы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына ие болды.

Университет оқытушылардың әлеуеті мен кәсіби деңгейін арттыруға ықпал етеді, біліктілікті жетілдіруге мүмкіндік бере отырып, олардың кәсіби және тұлғалық дамуын ынталандырады. Профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын оқытатын пәндері бойынша біліктілігін арттырып отырады. Сонымен қатар білім беру менеджменті, оқыту әдістемесі, қашықтан оқыту технологиялары, стратегиялық даму, білім беру бағдарламаларын әзірлеу, цифрландыру және басқа да бағыттар бойынша біліктілікті арттыру курстары ұйымдастырылып келеді.

Мәселен, 2021 жылғы 4 қазан мен 2022 жылғы 20 мамыр аралығында университеттің 240 оқытушысы мен қызметкері «Ұлттық ұстаз» онлайн академиясында 144 сағаттық оқудан өтті. Ал 2024 жылы университеттің 35 оқытушысы «Білім беруді жаңғырту» жобасы аясында «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын күшейту» біліктілікті арттыру курсынан өтті.

Университетте Жас ғалымдар кеңесі, студенттік ғылыми қоғамдар мен студенттік үйірмелер жұмыс істейді. Жоғары оқу орны «БҚИТУ Хабаршысы» ғылыми басылымын шығарады. Профессор-оқытушылар құрамының импакт-факторы нөлден жоғары шетелдік журналдардағы жарияланымдық белсенділігі артып келеді.

БҚИТУ-да Түлектер қауымдастығы, Жұмыс берушілер кеңесі, студенттік өзін-өзі басқару жүйесі және жастар ұйымдары құрылған. Білім алушылардың студенттік құрылыс жасақтарында және «Жасыл ел» бағдарламасы аясында маусымдық жұмыспен қамтылуы қамтамасыз етіледі. Университет білім алушылары Қазақстан мен шет елдерде өткізілетін байқауларда, пәндік олимпиадаларда, ғылыми конференциялар мен спорттық жарыстарда жыл сайын жүлделі орындарға ие болып келеді.

Университет білім алушыларының мәдени және спорттық өмірі мазмұнды әрі сан қырлы. Оған «Жас тәрбиеші», «Жас психолог», «Жас ақындар», «Алаш» үйірмелері, «Ару» би ансамблі, «Барыс» спорт клубы, спорт секциялары, вокалдық үйірме, «Әділет» пікірсайыс клубы және басқа да бірлестіктер ықпал етуде.

Білім ордасында ұжымдық және жеке жұмыс істеуге әрі демалуға арналған коворкинг аймақтары құрылды. Олар ғылым, білім және өндіріс арасындағы ықпалдастықты дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашты. Коворкинг аймақтары тәжірибе алмасуға, идеяларды талқылауға, жаңа бірлескен шешімдер әзірлеуге және жобаларды жүзеге асыруға қолайлы жұмыс кеңістігін икемді ұйымдастыру үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Жоғары оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы еліміздің жетекші жоғары оқу орындарын бітірген, ғылыми-зерттеу институттарында еңбек еткен мамандардан және мол тәжірибесі бар практик-оқытушылардан жасақталған. Кәсіби даярлық білім беру үдерісінің базалық деңгейі болып саналады және мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Университет оқытушылары Қазақстан Республикасының білімі мен ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағы, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» медалі, «А. Байтұрсынов атындағы» орден, «Ы. Алтынсарин» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі, А. Байтұрсынов медалі, Лейбниц медалі (Германия), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағы және басқа да үкіметтік марапаттарға ие.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін Scopus дерекқорында тіркелген журналдарда, Білім және ғылым саласындағы бақылау және дамыту комитеті ұсынған басылымдарда, Қазақстан Республикасының басқа да журналдары мен шетелдік ғылыми басылымдарда, сондай-ақ университеттік, өңірлік және халықаралық деңгейдегі ғылыми-практикалық конференциялар материалдарында белсенді түрде жариялап отырады.

Білім беру бағдарламаларын іске асыру мақсатында университет отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Олардың қатарында Гёте университеті мен Бонн университеті (Германия), Анкара университеті (Түркия), Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті (РФ, Орынбор), Н. Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университеті (РФ, Саратов), Самара әлеуметтік-педагогикалық университеті (РФ, Самара), С. Бәйішев атындағы Ақтөбе университеті және басқалары бар.

Университет білім алушыларына академиялық ұтқырлық аясында шетелдік жоғары оқу орындарына баруға және зерттеу нәтижелерін шетелдік журналдарда жариялауға мүмкіндік беріліп, университет басшылығы тарапынан қолдау көрсетіледі.

Білім беру қызметінің сапасын арттыру мақсатында БҚИТУ-да Еуропалық жоғары білім кеңістігіндегі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім сапасын қамтамасыз етуге арналған халықаралық стандарттар мен нұсқаулықтарға (ESG) негізделген ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйесі құрылды. Ол келесі бағыттарды қамтиды:

  1. Сапаны қамтамасыз ету саласындағы саясат;
  2. Бағдарламаларды әзірлеу және бекіту;
  3. Студентке бағдарланған оқыту, сабақ беру және бағалау;
  4. Білім алушыларды қабылдау, үлгерім, тану және сертификаттау;
  5. Оқытушылар құрамы;
  6. Оқу ресурстары және білім алушыларды қолдау жүйесі;
  7. Ақпаратты басқару;
  8. Қоғамды ақпараттандыру;
  9. Бағдарламаларды тұрақты мониторингтеу және мерзімді бағалау;
  10. Сапаны мерзімді сыртқы қамтамасыз ету.

БҚИТУ-дың Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта орналасуы «Бизнес және басқару» бағытының білім беру бағдарламаларына «Әлемдік қаржы нарықтары», «Халықаралық қаржы», «Кеден ісі» курстарын енгізуге ықпал етті. 6В04104 — «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасында мемлекеттік басқарудың цифрлық инфрақұрылымын тереңдетіп оқыту көзделген. Нарық пен бизнес-қоғамдастық қажеттіліктерін талдау негізінде «Кәсіпорынның инновациялық қызметі», «Кәсіпорын стратегиясы», «Өңірлік экономика», «Коммерциялық банктегі қаржылық тәуекелдерді басқару», «Қаржы нарықтарын дамытудың заманауи мәселелері», «Дағдарыс жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық тетіктері» және басқа да тәжірибеге бағдарланған курстар енгізілді. Өңірдегі білім беру бағдарламаларын талдау аталған курстардың тек БҚИТУ-да әзірленіп, ұсынылғанын көрсетті.

БҚИТУ – өңірімізде «Аударма ісі» және «Сәулет» білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайтын жалғыз жоғары оқу орны. Аталған бағдарламалардың мазмұны Батыс Қазақстан өңірінің Қазақстандағы аса ірі мұнай-газ өндіруші аймақ ретіндегі ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленген.

Педагогикалық бағыттағы білім беру бағдарламалары «Педагог» кәсіптік стандартымен және «Жаңа мамандықтар атласымен» сәйкестендіріліп, 2023–2029 жылдарға арналған ғылым мен жоғары білімді дамыту тұжырымдамасы негізінде әзірленген.

Университет кафедраларының білім алушыларды оқытуға арналған филиалдары бар. Олар өндіріс мамандарымен тікелей қарым-қатынас жасауға, тәжірибеден өтуге және одан әрі жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді.

БҚИТУ-дың білім беру бағдарламалары 2023-2029 жылдарға арналған ғылым мен білімді дамыту тұжырымдамасында және БҚИТУ-дың 2023-2029 жылдарға арналған даму бағдарламасында белгіленген ұлттық даму басымдықтарына, ықтимал даму тәуекелдеріне, университеттің өңірдегі қазіргі ұстанымына, сондай-ақ жұмыс берушілердің, білім алушылардың және басқа да мүдделі тараптардың нақты сұраныстарына сәйкес әзірленеді. Білім беру бағдарламаларының бірегейлігі мүдделі тараптар ұсынған білім беру траекториялары арқылы айқындалады.

Университетте білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету — жоғары оқу орнының әлеуметтік саясатының маңызды бөлігі. Оқудың қолжетімді болуы үшін БҚИТУ білім алушыларға жеңілдіктер мен артықшылықтар беру арқылы әлеуметтік қолдау көрсетеді. Бұл, ең алдымен, қоғамның әлеуметтік осал топтарына жататын білім алушыларға қатысты. Университет саясаты, ішкі нормативтік актілер мен құжатталған рәсімдер білім алушылардың әртүрлі топтарының қажеттіліктерін ескеруге, оларға қолдау көрсетуге және икемді оқу траекторияларын ұсынуға бағытталған.

Инклюзивті білімге мұқтаж адамдардың мүдделері мен қажеттіліктері ескеріліп, қанағаттандырылады. Инклюзивті білім беруді дамыту жөніндегі жол картасы аясында БҚИТУ-дағы бұл бағытты инклюзивті білім беру кабинеттері үйлестіреді. Университетте көру, есту қабілеті бұзылған және қозғалыс функциялары шектелген ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар үшін кедергісіз орта қалыптастырылған. Университет аумағы олардың кедергісіз, қауіпсіз және қолайлы қозғалуына қойылатын талаптарға сай. Қозғалыс жолдарының қолжетімділігі қамтамасыз етіліп, ақпараттық-навигациялық қолдау құралдары орнатылған; баспалдақтар пандустармен толықтырылған, баспалдақтар мен пандустар тұтқалармен жабдықталған, ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдардың көлік құралдарына арналған тұрақ орындары бөлінген.

Білім алушыларды әлеуметтік қолдау — білім беру ұйымы қызметінің аса маңызды құрамдас бөлігі. БҚИТУ-да шетелдік білім алушыларға, сондай-ақ Қазақстанның басқа облыстары мен Батыс Қазақстан облысының аудандарынан келген жастарға білім алуға қолайлы әлеуметтік жағдайлар жасалған. Оларға университеттің екі жатақханасынан орын беріледі. Бұл шетелдік білім алушыларды тарту тетіктерінің бірі болып табылады.

Университеттің профессор-оқытушылар құрамы білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес жасақталған. Ғылыми дәрежелері мен атақтары бар оқытушылардың үлесі 50 пайызды құрайды. Кадрлық әлеует университеттің барлық бағыт бойынша дамуын қамтамасыз етіп, БҚИТУ-дың даму бағдарламасында көрсетілген ықтимал тәуекелдердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Соңғы үш жылда университетте жас оқытушылар санының өсуі байқалып, профессор-оқытушылар құрамының орташа жасы 43 жасқа дейін төмендеді. Жас оқытушылар үшін жасалған еңбек жағдайлары мен қолдау шаралары олардың кәсіби дамуына мүмкіндік береді.

Тиімді қызметті ұйымдастыру және ынталандыру шаралары аясында басшылық профессор-оқытушылар құрамына лайықты еңбекақы ұсынады, сабақ кестесін жасау және оқу жүктемесін бөлу кезінде олардың тілектерін ескеріп, ғылыми-зерттеу қызметіне, кәсіби және мансаптық өсуіне жағдай жасайды. «Профессор-оқытушылар құрамының рейтингі туралы ереже» негізіндегі материалдық ынталандыру оқыту тиімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етеді.

Түлектерді жұмысқа орналастыру — БҚИТУ дамуының негізгі бағыттарының бірі, ал олардың жұмыспен қамтылуын мониторингтеу университет қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Біз түлектерімізбен байланысты үзбеуге ұмтыламыз және әрбір түлектің кәсіби өсуі мен еңбек жолына атсалысуды маңызды санаймыз. Университет түлектерінің жұмысқа орналасу көрсеткіші жыл сайын орта есеппен 70 пайыздан асады. Бұл олардың еңбек нарығында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Университет қызметінің маңызды бағыттарының бірі – ғылым мен білім саласында қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен әрі орталықтармен ынтымақтастықты дамыту. Бұл жоғары оқу орны қызметінің тиімділігін айқындайтын маңызды көрсеткіш. Қазіргі уақытта БҚИТУ Қазақстан, Ресей, Украина, Беларусь, Қырғызстан, Польша және Арменияның жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарымен ғылым және білім саласындағы ынтымақтастық туралы 80-нен астам келісім жасасты. БҚИТУ Еуразиялық университеттер қауымдастығының (Мәскеу, РФ), «Education Network» білім беру мекемелері қауымдастығының, Erasmus Mundus бағдарламасының, Magna Charta Observatory ұйымының, «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының, Еуропалық университеттер қауымдастығының (EUA, Бельгия) және Азия университеттері қауымдастығының қатысушысы болып табылады.

Келісімдер аясында бірлескен және қос дипломды білім беру, ынтымақтастық мәселелері талқыланады; университет оқытушылары біліктілікті арттыру курстары мен ғылыми тағылымдамалардан өтеді; бірлескен халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар ұйымдастырылып, өткізіледі; бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіледі; диссертациялық жұмыстар орындалып, қорғалады; профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттардың академиялық алмасуы жүзеге асырылады; шетелдік профессорлар шақырылады және қосымша кәсіптік білім беру бағдарламалары іске асырылады. Қазіргі таңда университет шетелдік жоғары білім мекемелерімен бірлесе даярланған 3 білім бірлескен білім бағдарламасын жүзеге асыруда.

Университеттің ғылыми базасына педагогикалық-технологиялық және дамытушы бағыттағы ғылыми-зерттеу зертханалары, педагогикалық шеберлік кабинеттері, әдістемелік және интерактивті кабинеттер, оқу телестудиялары мен инклюзивті білім беру кабинеті кіреді. Облыс пен өңірдің білім беру мекемелерінің тапсырыстары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары орындалады.

Университетте білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту жоғары оқу орны қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазіргі уақытта университет шетелдік және отандық серіктес жоғары оқу орындарымен 80-нен астам келісім жасасқан. Жоғары оқу орнында академиялық ұтқырлық, қосымша, формалды және формалды емес білім алу барысында игерілген оқу нәтижелерін тану тетігі айқындалған. Бұл академиялық ұтқырлықты іске асыруға қолайлы жағдай қалыптастырып отыр.

Университет оқытушыларға Әзербайжан, Польша, Италия, АҚШ, Израиль, Түркия және Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндік береді. Жас оқытушылар Самара мемлекеттік экономикалық университетінің, Н.Г. Чернышевский атындағы Саратов мемлекеттік университетінің, М.Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің аспирантурасында, сондай-ақ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Қазақ спорт және туризм академиясының, Қазақ ұлттық аграрлық университетінің және басқа да жоғары оқу орындарының PhD докторантурасында білім алуда.

Қосымша білім беру орталығы барлық тілек білдірушілер үшін педагогикалық қайта даярлау курстарын, сондай-ақ «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында инклюзивті білім беруді жүзеге асыру», «Кітапханашылардың ақпараттық-кітапханалық қызметіндегі заманауи құзыреттер», «Оқытуда заманауи цифрлық ресурстарды тиімді пайдалану», «1С-Бухгалтерлік есеп және салық есептілігі» және басқа да тақырыптар бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырып, жүзеге асырады.

Қазіргі таңда БҚИТУ жанында құрылған Күміс университет тыңдаушыларға компьютерлік сауаттылық, философия негіздері, бейімдік дене шынықтыру, психология, тілдер және басқа да бағыттар бойынша курстар ұйымдастырып келеді.

Осылайша, БҚИТУ бүгінде сапалы білім беруді, ғылыми зерттеулерді, халықаралық ынтымақтастықты және білім алушыларға жан-жақты қолдау көрсетуді бір арнаға тоғыстырған заманауи көпбейінді жоғары оқу орны болып табылады. Өз миссиясына адалдық таныта отырып, университет инновациялық технологияларды жүйелі түрде енгізіп, кадрлық әлеуетін дамытып, еңбек нарығында сұранысқа ие бәсекеге қабілетті мамандар даярлап келеді. БҚИТУ әрбір білім алушының кәсіби және тұлғалық дамуына жаңа мүмкіндіктер жасай отырып, Батыс Қазақстандағы жетекші ғылыми-білім беру орталықтарының бірі ретіндегі орнын нығайтуды жалғастыруда.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz