KAZENERGY қауымдастығының гранттары
Сыртқы серіктес: KAZENERGY қауымдастығы
Еліміздің кадрлық резервін кеңейту мақсатында Қауымдастық өз өмірін мұнай-газ және энергетика саласымен байланыстырғысы келетін қазақстандық жастарды қолдайды. Перспективалы, белсенді, үміт арттыратын студенттер және бейінді оқу орындарының оқушылары “KAZENERGY” қауымдастығы атынан атаулы гранттар мен стипендиялар ала алады.
Бұдан басқа ғылыми-білім беру қызметін қолдау үшін техникалық және кәсіби білім беру мекемелерінің мұнай-газ және ІТ пәндерінің оқытушыларына да гранттар көзделген.
“KAZENERGY” қауымдастығының стипендиялары мен гранттарының байқауына қатысу үшін сайттағы тиісті сауалнаманы толтыру қажет.
Өтеу мөлшері: 100% оқу ақысын өтеу
Маңызды! Грант студенттер мен медициналық шығындарды, айыппұлдарды, жатақхана ақысын, кітапхана ақысын немесе басқа төлемдерді қамтымайды
Ұсыну мерзімі: академиялық жыл
Азаматтық: Қазақстан Республикасы
Өтініш беру мына сайтта: grant.kazenergy.com
Өтініштерді қабылдау мерзімі: шілде айының ортасынан бастап тамыз айының сонына дейін
Байланыс телефоны (Kazenergy): 8(7172)794975, 8-708-2103242
E-mail: candidate@kazenergy.com
Студенттер мен магистранттарға арналған Президенттік шәкіртақы
Сыртқы серіктес: Білім және ғылым министрлігі.
Стипендия студенттер мен магистранттардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыруға; анағұрлым талантты және дарынды студенттер мен магистранттарды қолдауға; интеллектуалды әлеуетін қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған.
Стипендия күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттерге 3-курстан бастап, магистранттарға – екінші оқу жылынан бастап мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша және ақылы негізде тек «өте жақсы» (А, А-) оқитын студенттерге беріледі.
Азаматтығы: Қазақстан Республикасы.
Стипендия білім алушылардың мынадай санаттарына тағайындалады:
1) республикалық және халықаралық олимпиадалардың, шығармашылық конкурстардың, спорттық жарыстардың, фестивальдардың жеңімпаздары немесе жаңалық авторлары;
2) ғылыми еңбек жинақтарында, республикалық және халықаралық ғылыми журналдарда жарияланымдары бар;
3) табыстары дипломдармен, грамоталармен, сертификаттармен, куәліктермен расталған ғылыми-зерттеу жұмыстарымен белсенді айналысатындар;
4) білім беру ұйымының қоғамдық, мәдени және спорттық өміріне белсене араласатындар.
Стипендия ғылыми кеңестің шешімі негізінде жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен жүзеге асырылады.
Стипендия бір академиялық кезеңге тағайындалады.
Стипендия жоғары оқу орнының ғылыми кеңесінің шешіміне сәйкес бір тұлғаға бірнеше рет берілуі мүмкін.
Кезекті академиялық кезеңге стипендияларды тағайындау жөніндегі жоғары оқу орны ғылыми кеңесінің шешімі академиялық кезең басталғанға дейін екі аптадан кешіктірілмей қабылданып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне магистранттар мен студенттердің тізімімен жіберілуі тиіс.
Тең жағдайда басымдық:
– жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
– бала жасынан мүгедектерге, мүгедек балаларға беріледі.
Стипендияларды төлеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражаттар шегінде ай сайын жүргізіледі.
Өтінімдерді қабылдау мерзімі: жыл сайын.
«Қазақстан халқына» қорының білім беру гранттары
Бағдарламаның мақсаты: “Қазақстан халқына “қоғамдық қорының Білім беру гранттары” қайырымдылық бағдарламасы “Қазақстан халқына” қоғамдық қорының Білім беру гранттарын құру арқылы жоғары білімнің қолжетімділігін арттыруға бағытталған.
Грант беру келесілерді қамтиды:
1) күндізгі оқудың барлық кезеңіне “бакалавр” дәрежесін бере отырып, жоғары білімге өтеусіз ақы төлеу;
2) стипендия төлеу – жазғы демалыс кезеңін қоспағанда, білім алушыға 10 ай (жыл сайын) ішінде тамақтануға, тұруға және оқу әдебиеттерін сатып алуға арналған шығыстарды ішінара жабу үшін берілетін ай сайынғы ақша сомасы.
Білім беру грантын ізденушілер Қазақстан Республикасының азаматтары бола алады:
1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылар;
2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) мүгедектігі бар азаматтар;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
5) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
7) төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары (Қордың Қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде).
Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.
Грант алу шарты. Грантқа үміткер болу үшін талапкер ҰБТ-да шекті балл жинауы керек. Қор шығармашылық емтиханда жинаған ұпайларды да ескереді.
«Орал Ойл энд Газ» ЖШС граннтары
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі мен “Орал Ойл энд Газ” ЖШС арасында Батыс Қазақстан облысында орналасқан Рожковское кен орнында газ және конденсат өндіруге келісімшарт жасалды.
Келісімшарттық міндеттемелерді орындау мақсатында серіктестік өндіруді жүргізу кезеңінде энергетика саласының неғұрлым талап етілетін мамандықтарының тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарын оқытуды, біліктілігін арттыруды және қайта даярлауды қаржыландыруды жүзеге асыруға міндетті.
Қағидалардың талаптарына сәйкес оқытуды қаржыландыру тізбеге сәйкес, сондай-ақ тізбеде көрсетілген бағыттар бойынша мынадай санаттағы тұлғаларға шектеусіз жүзеге асырылады:
– мүгедектігі бар адамдар;
– ата-аналардың біреуі немесе екеуі де мүгедек адамдар;
– мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
– аурулар тізімінде көрсетілген кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар;
– жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған, жиырма тоғыз жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар;
– көпбалалы отбасылар;
– толық емес отбасылар.
090000 Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы
Орал қ., С. Ескалиев көш. 179, 3 этаж
Байланыс телефоны: +7 7112 933 320
E-mail: info@uog.kz