Машанова Самал Амангельдиевна

2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде қаржы-экономика факультетінің “Маркетинг және сауда” мамандығын игеріп, 2006 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің «Экономика» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

2000 жылдан бері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жұмыс жасайды.

2022 жылы Самара мемлекеттік экономика университетінің диссертациялық кеңесінде «Қазақстандағы әлеуметтік қорғаудың қаржысы: мәні, институттары және тиімділігі» тақырыбында кандидаттық диссертациясын қорғады.

Үш оқулықтың, монографияның және 40-тан астам мақаланың авторы,  сонымен қатар оқу процесін ұйымдастыру бойынша 30-дан астам нормативтік құқықтық актілердің авторы. Зияткерлік меншікке екі авторлық куәлігі бар.

Көптеген кәсіби даму сертификаттарына ие және Быдгощ қаласының (Польша) Экономика университетінде тәжірибеден өтті.

Білім мен ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен, «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен , БҚО және Орал қаласы әкімінің, Аманат партиясының, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті ректорының Алғыс хаттары және  грамоталарымен марапатталған.


Бірінші және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректордың м.а.