Кезекті «Экспо-2017» халықаралық көрмесін өткізетін ел мәртебесі Қазақстанның елордасы Астана қаласына бұйырғандығы 2012 жылдың 22 қарашасында Францияның астанасы Париж қаласында өткен ХКБ-нің EXPO халықаралық бюросы Бас ассамблеясының 152-ші сессиясы барысында белгілі болды. Жасырын дауыс беру қорытындысы бойынша ХКБ-ның 103 мүше-мемлекеті Астана қаласына дауыс берсе, біздің бәсекелесіміз бельгиялық Льеж қаласы 44 дауыс жинаған. Біздің елдің ұйымдастырушыларының тарапынан ұсынылған Future Energy, яғни Болашақ қуаты тақырыбы сарапшылардың көпшілігінің көңілінен шығып, «Экспо-2017» халықаралық көрмесінің тақырыбы ретінде қолдау тапты.
Қазақстан тарапынан барған ұйымдастырушылар Астанада өткізілетін «ЭКСПО-2017» көрмесінінің басты тақырыбы ретінде «Болашақтың энергиясы» атты тақырыпты ұсыну себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады.
Батыс Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы елімізде «EXPO-2017» көрмесін өткізу қарсанында Батыс Қазақстан облысынан еріктілерді даярлау жұмысынтарын жүргізді. Осыған орай Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде студенттер арасында іріктеу кезені өткізіліп, нәтижесінде қосымшада көрсетілген талаптарға сәйкес келетін 80 еріктінің (оқытушылар мен студенттер) тізімі облыстық штабқа жіберілді. 30 қараша 2015 жылы, 23 cәуір 2016 жылы I II іріктеу кезендері өткізіліп, университетіміздің 13 студентіміз Қазақстанның елордасы Астана қаласында 2017жылдың 10 маусым – 10 қыркүйек аралығында өтетін «EXPO-2017» Халықаралық көрмесінің еріктілер қатарын толтырды.