Кафедраның халықаралық ынтымақтастығы

ЖОО-дағы ғылыми-зерттеу жұмысының басты бағыттарының бірі халықаралық ынтымақтастық мәселелері. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті жақын және алыс шетел жоғары оқу орындарымен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асырып келеді.

2016 жылы университеттің Тарих және ӘГП кафедрасы (Орал, ҚР) мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасы (Орынбор, РФ) арасында “Ресей мен Қазақстан: революцияға дейінгі, кеңестік және посткеңестік кезеңдерде білім, мәдениет және ғылым жүйесін дамытудың тарихи тәжірибесі” атты ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша шығармашылық ынтымақтастық туралы шарт жасалды. Келісім – шарт аясында 2016-2020 жылдарға арналған шығармашылық ынтымақтастық жоспары құрылды.

Ғылыми-шығармашылық ынтымақтастық жоспарын орындау аясында көптеген шаралар өткізілді:

  • 2016 жылдың 9 желтоқсанында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті бірлесіп, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және Әлихан Бөкейханның 150 жылдық мерейтойына арналған “Әлихан Бөкейхан – қазақ мемлекеттілігі үшін күрескен ұлы тұлға» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Конференция жұмысына Қазақстан мен Ресейдің тарихшы-ғалымдары қатысты.
  • 2017-2018 оқу жылында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті арасындағы халықаралық ынтымақтастық өз жалғасын тапты. 2017 жылдың 1 қыркүйегінде Ресей мұрағат қызметінің 100 жылдығына және Орынбор облыстық кітапханасының 130 жылдығына орайластырылған Ресей мен Қазақстанның жас ғалымдарының “Орынбор өлкесі мен Орал өңірінің тарихи-мәдени мұрасы” атты жас тарихшы ғалымдардың үшінші Халықаралық конкурсын жариялады. Байқау Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің базасында өтті. Байқауға Қазақстан мен Ресейдің жас тарихшы ғалымдары мен магистранттары қатысты. Байқау қорытындысы бойынша тарих мамандығының 1-курс магистранты Ж.Н.Төлегенов І дәрежелі дипломмен марапатталды. Байқау жұмысының тақырыбы: “Кеңестік кезеңдегі Орал өңірінің білім беру жүйесі: қиындықтар мен жетістіктер”. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент Р.Л.Абдрахманова. Конкурстық жұмысқа ғылыми жетекшілік жасағаны үшін т.ғ.к., доцент Р.Л.Абдрахманова Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, профессор С.А.Алешинаның Алғыс хатымен марапатталды.

  • 2017 жылдың желтоқсанында шығармашылық ынтымақтастық жоспарын жүзеге асыру аясында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің базасында Ресей мен Қазақстанның жас тарихшыларының “Ресей мен Қазақстан: революцияға дейінгі кезеңдегі білім, мәдениет және ғылым жүйесін дамытудың тарихи тәжірибесі” атты бірлескен халықаралық байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты-Ресей мен Қазақстанның тарихшы ғалымдарын, педагогтарын, мәдениеттанушылары мен қоғамтанушыларын революцияға дейінгі кезеңдегі білім, мәдениет және ғылымды дамытудың тарихи тәжірибесі саласындағы ғылыми-зерттеулермен айналысуға ынталандыру.

    Байқау қорытындысы бойынша дипломдармен марапатталды:

    I дәрежелі

    Дауесова Айжан Жангазиевна, тарих магистрі, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих және ӘГП кафедрасының аға оқытушысы.

    Байқау жұмысының тақырыбы: Халел Досмұхамедов – Қазақстандағы жаратылыстану мен медицинаның негізін қалаушы

    II дәрежелі

    Мифтеева Диана Маратовна, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті Ресей тарихы кафедрасының аспиранты, Орынбор қ.

    Байқау жұмысының тақырыбы: “Зарождение медицинского и санитарно-эпидемиологического обеспечения населения в Оренбургской губернии в начале ХІХ в.”.

    Шайзадинов Оразбек Назарбекұлы. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих мамандығының студенті.

    Байқау жұмысының тақырыбы: «Айқап журналы мен Қазақстан газеті».

    III дәрежелі

    1.Котов Антон Владиславович, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің 3-курс студенті, Ресей Федерациясы, Орынбор қ.

    Байқау жұмысының тақырыбы:”Зарождение интеграции казахского общества через систему образования в российское общество “.

    2. Исмагилов Ильнур Салаватович, 5-курс студенті және Хаснетдинова Юлия Равиловна, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің 3-курс студенті, Орынбор қ.

    Байқау жұмысының тақырыбы: “Исторические условия возникновения школ в Казахстане в конце ХІХ -начале ХХ вв.”

    3. Капшунов Тимур Муслимович, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті, Ресей Федерациясы, Орынбор қ.

    Байқау жұмысының тақырыбы: “Роль начального образования в формировании казахской интеллигенции”.

  • 2018 жылғы 1-2 наурызда Орынбор қаласының құрылғанына 275 жыл толуына, Орынбор генерал-губернаторы, Орынбор қаласының Құрметті азаматы Н.А.Крыжановскийдің туғанына 200 жыл толуына, мемлекеттік мұрағат қызметінің ұйымдастырылуына 100 жыл толуына арналған «Большаков оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырылды. Конференция барысында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ғалымдары Р.Л. Абдрахманованың «Архивные и иные источники Оренбурга – как материал для исследования развития системы образования Западного Казахстана» тақырыбындағы баяндамасы жоғары бағаланды.
  • 2019-2020 оқу жылында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих және құқық кафедрасы мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасы арасында “Ресей және Қазақстан: революцияға дейінгі, кеңестік және посткеңестік кезеңдегі білім, мәдениет және ғылым жүйесін дамытудың тарихи тәжірибесі” тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмысы жалғасын тауып, екі оқу орнының оқытушылары бірлескен ғылыми мақалалары мен еңбектерінің жинақтарын дайындауға көңіл бөлді.

  • 2020 жылдың 13-15 сәуір аралығында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде Ғылым мен әлемдік өркениеттің дамуына баға жетпес үлес қосқан Орта ғасыр дәуірінің көрнекті ойшылы әл–Фарабидің 1150 жылдығына арналған “Ғылымның өркендеуі -инновациялық қоғам дамуының кепілі” атты жас ғалымдардың XX Халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Халықаралық конференцияда Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті Ресей тарихы кафедрасының доценті Петрич Лариса Владимировна жетекшілігімен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттері баяндама жасады. Конференция нәтижесінде студенттер Д.Тапетова мен В. Гончаровтың баяндамалары жүлделі орындарға ие болды.

  • 2020 жылы Орынборда “10 Большаков оқулары” аясында “Орынбор өлкесі тарихи-мәдени феномен ретінде” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында кафедра профессоры Ж.Т.Ерназаров, доцент Р.Л.Абдрахманова, С.А.Едилханова, А.М.Балыкова мақалалар ұсынып, шақырулар алды. Сондай-ақ, “Орынбор өлкесі мен Орал өңірінің тарихи-мәдени мұрасы” атты Ресей мен Қазақстанның жас тарихшы ғалымдарының халықаралық байқауына Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті «тарих» мамандығының 4-курс студенттері Ж.Аймурзин мен С.Оразов «XVIII-ХХ ғғ. Орынбор өлкесінің казактары» тақырыбына ғылыми баяндама ұсынды. Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., доцент С.А.Едилханова. Конкурс қорытындысы бойынша Ж.Аймурзин мен С.Уразов жүлделі 2 орын алды.

  • 2020 жылдың 18 қарашасында Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетімен бірлесіп ұйымдастырылған «Орынбор-Еуразияның аса ірі саяси, экономикалық және мәдени орталығы» халықаралық ғылыми онлайн конференциясы өтті. Конференция жұмысы Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор Ж.Т.Ерназаров пен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Е.В.Бурлуцкаяның құттықтау сөзімен басталды. Онлайн конференцияда Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих және құқық кафедрасының ғалымдары тарих ғылымдарының кандидаты Абрахманова Р.Л., тарих ғылымдарының кандидаты Бижанова А.Е., философия ғылымдарының кандидаты, доцент Хайрушин Ж.К. баяндама жасады.

2016-2020 жылдарға арналған Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих және құқық кафедрасы мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасы арасындағы шығармашылық ынтымақтастық жұмыстары жоғары деңгейде жүзеге асырылды.

2021 жылдың қаңтар айында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің тарих және құқық кафедрасы (Орал, ҚР) мен Орынбор мемлекеттік педагогикалық университетінің Ресей тарихы кафедрасы (Орынбор, РФ) арасында «Орынбор өңірі тарихының жаңа және қазіргі заман проблемалары» ғылыми-зерттеу тақырыбы бойынша шығармашылық ынтымақтастықтың жаңа шарты жасалды. Келісім – шарт аясында 2021-2025 жылдарға арналған шығармашылық ынтымақтастық жоспары жасалып, қол қойылды.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz