т.ғ.к., профессор Билашев Бауыржан Акимжанович,
тел. 8 (7112) 500943
Қымбатты достар!
Сіздермен Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университет сайтында жүздесуге қуаныштымын.
Қазақстанның батыс аймағы үшін білім беру, бизнес, инженерия, ауыл шаруашылығы және т.б. салаларда кадрларды дайындаудың көпжылдық тәжірибесі бар көп салалық университет – Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті жұмыс берушілердің белсенді, ынталы және тиімді түрде әрекет ететін мамандарға деген сұранысын қанағаттандыруға ұмтылады.
Инженерлік-гуманитарлық факультет өзінің қызмет еткен жылдары бойы дарынды және шығармашылық жолдағы жастар ұмтылатын орынға айналды. Біздің факультеттің студенттері барлық заманауи оқулықтар мен ғылыми-зертеу зертханаларына, мультимедиялық құрал-жабдықтар мен техникамен жабдықталған аудиторияларға қатынай алады.
Егер Сіз лайықты беделді білім алғыңыз келсе, еңбек нарығында сұранысқа ие болғыңыз келсе, техника мен технология саласындағы кәсіпқой маман болғыңыз келсе, бізге келіңіз! Біз Инженерлік-гуманитарлық факультетте білім ала отырып, Сізде табысқа жетуге барлық негіздер болады деген сенімдеміз!
Факультет деканы Б.А. Билашев
Факультет туралы жалпы ақпарат
Инженерлік-гуманитарлық факультет университеттің ірі бөлімшелерінің бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының Халық-шаруашылық кешенінің әр түрлі салаларының кәсіпорындары мен ұйымдары үшін инженерлік-техникалық кадрларды даярлауды жүзеге асырады. Факультетте 3000-нан астам студент білім алуда.
Факультеттің Қазақстан мен Ресейдің жетекші университеттерімен және ғылыми орталықтарымен ғылыми байланыстары бар.
Факультет түлектері “Конденсат “АҚ, ҚПО бв,” БҚКСМ “АҚ,” БАТЫС ҚАЗАҚСТАН құрылыс материалдары корпорациясы “АҚ сияқты ірі ұйымдарға және сонымен қатар энергетика, құрылыс индустриясы, көмірсутек шикізатын өндіру және қайта өңдеу, машина жасау, минералды шикізатты кешенді игеру, көлік, агроөнеркәсіп және құқықтану салаларында белсенді дамып келе жатқан кәсіпорындарға тікелей қажет.
Бүгінгі күні Инженерлік-гуманитарлық факультет 5 бітіруші кафедраны біріктіреді:
- Экология және биотехнология
- Техника және технологиялар
- Мұнай-газ ісі
- Гуманитарлық және құқықтану пәндер
- Құрылыс және сәулет
Біз әрқашан біздің факультетте жаңа білім мен толыққанды диалогқа ашық, үздік білім алуға бағытталған мақсатты, белсенді және өршіл жастарды көруге қуаныштымыз.
2021-2022 оқу жылына арналған білім беру бағдарламаларының тізбесі
| № | Коды | Қазақша | Русский | English |
| Бакалавриат | ||||
| Экология және биотехнология кафедрасы | ||||
| 1 | 6В11201 | Тіршілік әрекеті қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау | Безопасность жизнедеятельности и защита окружающей среды | The safety of Human life and Protection of Environment |
| 2 | 6В09101 | Ветеринарлық медицина | Ветеринарная медицина | Veterinary Medicine |
| 3 | 6В09103 | Ветеринария | Ветеринария | Veterinary |
| 4 | 6В07501 | Стандарттау және сертификаттау (сала бойынша) | Стандартизация и сертификация (по отраслям) | Standardization, certification and Metrology (by industry) |
| Техника және технологиялар кафедрасы | ||||
| 1 | 6В07101 | Көлік, көлік техникасы және технологиялар | Транспорт, транспортная техника и технологии | Transport, Transport Technical Equipment |
| 2 | 6В07102 | Электр энергетикасы | Электроэнергетика | Electroenergetics |
| 3 | 6В07103 | Органикалық заттардың химиялық технологиясы | Химическая технология органических веществ | Chemical technology of organic compounds |
| 4 | 6В07104 | Технологиялық машиналар мен құрал-жабдықтар (сала бойынша) | Технологические машины и оборудование (по отраслям) | Technological machine and equipment (by industry) |
| 5 | 6В11301 | Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру | Организация перевозок, движения и эксплуатация транспорта | Organization of transport, movements and operations of transport |
| 6 | 6В06102 | Ақпараттық жүйелер | Информационные системы | Information system |
| 7 | 6В06103 | Есептеуіш техника және бағдарламалық қамтамасыз ету | Вычислительная техника и программное обеспечение | Computer technology and software |
| 8 | 6В06104 | Есептеуіш техника және ақпараттық жүйелер | Вычислительная техника и информационные системы | Computer engineering and information systems |
| Құрылыс және сәулет кафедрасы | ||||
| 1 | 6В07301 | Сәулет | Архитектура | Architecture |
| 2 | 6В07302 | Құрылыс | Строительство | Construction |
| 3 | 6В07303 | Жерге орналастыру және кадастр | Землеустройство и кадастр | Land management and Cadastre |
| Мұнайгаз ісі кафедрасы | ||||
| 1 | 6В07201 | Мұнай-газ ісі | Нефтегазовое дело | Oil and Gas Business |
| Гуманитарлық және құқықтану пәндер кафедрасы | ||||
| 1 | 6В04201 | Кеден ісі | Таможенное дело | Customs Affair |
| 2 |
6В04203
|
Көлік тасымалын, қозғалысын және пайдаланылуын құқықтық реттеу | Правовое регулирование перевозки, движения и эксплуатации транспорта | Legal regulation of transportation, traffic and operation of transport |
| 3 | 6B04202 | Юриспруденция | Құқықтану | Jurisprudence |
| Магистратура | ||||
| Мұнайгаз ісі кафедрасы | ||||
| 1 | 7М07201 | Мұнай-газ ісі | Нефтегазовое дело | Oil and Gas Business |
| Экология және биотехнология куафедрасы | ||||
| 1 | 7М09101 | Ветеринарлық медицина | Ветеринарная медицина | Veterinary Medicine |
