Филология және оқыту әдістемесі кафедрасы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Білім және менеджмент институтының құрылымдық бөлімшесі болып табылады және бакалавриат пен магистратураның келесі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларды даярлауды жүзеге асырады:
- 6В01301 – Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
- 6В01403 – Музыкалық білім
- 6В01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
- 6В01704 – Қазақ тілі мен әдебиеті және түрік тілі
- 6В03201 – Кітапхана ісі
- 7М01701 – Қазақ тілі мен әдебиеті
- 6В01302 – Бастауыш білім беру (IP)
- 6В01710 – Қазақ тілі мен әдебиеті (IP)
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТАР
Кафедрада жүргізілетін оқу және оқу-әдістемелік жұмыстардың мақсаты – оқу үрдісіне қажетті материалдармен қамтамасыз ету, профессор-оқытушылар құрамының педагогикалық кәсіби шеберлігін арттыру, білім алушылардың аудиториялық және өзіндік жұмысын жетілдіру, оқу-әдістемелік жұмыстардың барлық түрлері мен тиімді әдістерін жақсарту. Оқу-әдістемелік жұмыстар білім беру бағдарламаларының негізгі стандарттары мен оқу жоспарларына, типтік кәсіби талаптар ережесіне, білім беру бағдарламаларына сәйкес жүргізіледі. Кафедра профессор-оқытушылар құрамы кафедра бағыты мен бейініне сәйкес курстарды оқыту әдістемелерін жетілдіру, білім берудегі жаңа ақпараттық технологиялар мен инновациялық әдістер, білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру, кәсіби-әдістемелік шеберлік деңгейін арттыру бойынша оқу-әдістемелік семинарларға белсенді қатысады.
Кафедра профессор-оқытушылар құрамы инновациялық үлгідегі сабақтарды мультимедиялық технологияларды пайдалана отырып, шеберлік кластары, іскерлік ойындар, таныстырылымдар, ғылыми жобалар, баспасөз конференциялары, пікірталастар түрінде ашық сабақтар өткізеді.
Жыл сайын кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми монографиялар, оқулықтар, оқу құралдары, оқу-әдістемелік құралдар мен әдістемелік нұсқаулар шығарады.
Кафедра бойынша төмендегі филиалдарды сабақ өткізіледі: Орал қаласы, №19 жалпы орта білім беретін мектебі, №19 жалпы орта білім беретін мектебі, «Жайық дарыны» жеке меншік бастауыш мектебі, «Сана» жеке меншік бастауыш мектебі, «Зейін» дарында балаларға арналған университеттік мектебі, Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебі, Есенсай орта жалпы білім беретін мектеп-балабақша кешені, Орал гуманитарлық-экономикалық жоғары колледжі, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы.
Академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Шақырылған профессор» бағдарламасы аясында филология, педагогика салалары бойынша жақын және алыс шетелдердің жоғары оқу орындарының ғалымдары шақырылады. Кафедрада, кафедра филиалдарында көшпелі сабақтар, сондай-ақ стейкхолдерлердің шақырылуымен практикалық сабақтар мен шеберлік кластары өткізіледі.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Филология және оқыту әдістемесі кафедрасы профессор-оқытушылар құрамы филология, оның ішінде қазақ филологиясы (қазақ тілі мен әдебиеті), бастауышта оқыту әдістемесі (қазақ тілі мен әдебиеті, музыка) бағыттары бойынша ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізеді. Кафедрада заманауи инновациялық жабдықтармен жабдықталған әдістемелік кабинет, академик «Түркітану және алтайтану орталығы», «Қажым Жұмалиев атындағы ғылыми-зерттеу орталығы», қазақ және түрік тілдері, аспапта орындау кабинеті, негізгі музыкалық аспаптар кабинеті, хортану кабинеттері жұмыс жасайды. Орталықтар мен кабинеттерде ғалымдар, оқытушылар, магистранттар мен білім алушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған аспаптар мен жабдықтар бар.
Филология және оқыту әдістемесі кафедрасында 1 ғылыми мектеп құрылды.
- Сабыр М.Б. – түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор. «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004), «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» грантының иегері (2007, 2012). «Тіл жанашыры» (2017), «Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» (2019) төс белгілерінің және Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткізген табыстары мен білім беру саласына қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Құрмет грамотасымен» марапатталды (2018).
Ғылыми жұмыстары қазақ тілінің тарихы, теориясы, орта ғасыр жазба ескерткіштері тілі, шығыстану, түркітану, қыпшақтану мәселелерін зерттеуге арналған.
«Қазақ тілі» (2002), «Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасы және оның тілі» (2003), «Орта түркі тілі лексикасы мен қазақ тілі лексикасының сабақтастығы (ХІV ғасыр жазба ескерткіштері негізінде)» (2004), «Көне түркі тілі» (2007), «Көне қыпшақ жазба ескерткіштерінің тілі» (2008), «Таным таразысы» (2010), «Түркілік мұра: дәстүр және сабақтастық» (2012), «Қазақ тілінің шығу тарихы (фонетика)» (2013), «Орта ғасыр жазба ескерткіштерінің фразеологиялық және паремиологиялық қорының этномәдени сипаты» (2014), «Қыпшақтану» (2019), «Көне қыпшақ ескерткіштерінің лексикасы» (2021), «Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің фоно-морфо-семантикалық сабақтастығы» (2021), «Алтын Орда дәуірі: Құтыптың «Хұсрау мен Шырын» поэмасы /ХІVғ./ (2023) тақырыбындағы монографиялар мен оқу құралдарының және 400-ден астам ғылыми-зерттеу мақалаларының (оның ішінде SCOPUS халықаралық мәліметтер базасына енетін журналда 2 мақала) авторы.
Профессор М.Б.Сабыр мемлекеттік және халықаралық деңгейдегі ғылыми жобаларды орындауға ат салысып келеді. Мәселен, Б.Б.Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінің бастамасымен құрылған Халықаралық ғылыми ұжымның мүшесі ретінде «Түркі-монғол тіл білімі: дәстүр және инновация» тақырыбындағы жоба бойынша жұмыс жасауда (2020-2023), 2021-2023 жылдарға арналған ғылыми техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған АР09260438 «Түркі лингвомәдени бірліктеріндегі аялық білімнің ұлттық сипаты (қыпшақ-оғыз тобы тілдері матеиалы бойынша)» тақырыбындағы мемлекеттік ғылыми жобаның орындаушысы (Мемлекеттік тілді дамыту институты. Алматы қаласы), 2020-2022 жылдарға жоспарланған «Алтын Орда әдеби ескерткіштері: әлемнің тілдік және көркемдік бейнесі (ИРН АР08856415) тақырыбындағы жобаның орындаушысы (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті).
Сонымен қатар кафедрада шаруашылық келісімшарт, кешенді, бастамашыл тақырыптар бойынша, сондай-ақ магистранттар мен докторанттардың ғылыми тақырыптары бойынша ғылыми зерттеулер жүргізіледі. Кафедра оқытушылары халықаралық, республикалық ғылыми конференцияларға, форумдарға, жиналыстарға белсене қатысып, жүлделі орындарға ие болады. Кафедра оқытушылары Web of Science, Scopus халықаралық базасына кіретін рейтингтік басылымдарда, сондай-ақ ҚР БҒМ БҒСБК, РФ ЖАК ұсынған басылымдарда ғылыми мақалалар жариялайды. Оқу процесіне және өндіріске енгізу актілері бар. Жыл сайын университетте жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциялары, сондай-ақ шетелдік пратнерлармен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындау бойынша шығармашылық ынтымақтастық жоспарларын іске асыру шеңберінде халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізіледі.
Университетте негізгі мақсаты филология, педагогика және қызмет көрсету саласындағы ғылыми, ғылыми-практикалық және инновациялық қызметті ұйымдастыру, әдістемелік сүйемелдеу және тиімділігін қамтамасыз ету болып табылатын «Түркітану және алтайтану орталығы», «Қажым Жұмалиев атындағы ғылыми-зерттеу орталығы» орталықтары табысты жұмыс істейді. Осы орталықтарда аталмыш ғылым салалары шеңберінде ғалымдар, білім алушылар мен магистранттар филология және оқыту әдістемесі кафедрасының негізгі бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын, консалтингтік және басқа да қызмет түрлерін жүргізеді.
Кафедраның білім алушылары мен магистранттары ғылыми-зерттеу жұмыстарына белсенді қатысып, «Зерде», «Жас кітапханашы», «Жас қалам» үйірмелерінің мүшелері болып табылады. Жыл сайын кафедра білім алушылары Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыратын білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының Республикалық конкурсына қатысып, жеңімпаз дипломдарының иегерлері болып табылады.
ПРАКТИКА
Кафедраның білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар мен магистранттар педагогикалық және өндірістік сарамандарын облыс және қала көлеміндегі таңдаулы ұйымдар мен мекемелерден өтеді. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысы бойынша жоғары деңгейлі орта жалпы білім беретін мектептер мен колледждерде, Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасында, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар мен ижасөспірімдер кітапханасында, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде, т.с.с. Кафедра түлектерінің 80% жұмыспен қамтылған.