Мұнайгаз инженерия кафедрасы

«Мұнай-газ инженериясы» кафедрасы бітіруші кафедра  болып табылады және  6В07201/04/ 7М07201/02 – Мұнай-газ ісі білім беру бағдарламасы бойынша бакалаврларды, магистрлерді дайындайды.

Кафедрада 17 штаттық оқытушы жұмыс істейді, олардың ішінде: 2 профессор, 3 қауымдастырылған профессор, 1 техника ғылымдарының докторы, 3 техника ғылымдарының кандидаты, 1 PhD докторы, 7 техника ғылымдарының магистрі және 5 аға оқытушы, сондай-ақ өндірістен 10 практик оқытушы жұмыс атқарады. Барлық оқытушылардың тиісті базалық білімі бар.

Жыл сайын академиялық ұтқырлық аясында шетелдік ғалымдар шақырылады. 6В07201-Мұнай-газ ісі және 7М07201/02-Мұнай-газ ісі пәндері бойынша дәрістер оқу үшін өндірістен мамандар шақырылады.

Кафедраның ПОҚ әр түрлі курстарға, семинар-тренингтерге, шеберлік дәрістерге, кафедра мен университеттің жетекші оқытушыларының ашық сабақтарына қатыса отырып, өзінің біліктілігін үнемі арттырады.

Кафедра жанынан оқу процесін сапалы ұйымдастыру үшін виртуалды зертхана мен 4 мамандандырылған оқу кабинеті құрылған және жұмыс істейді. Кафедра студенттер мен магистранттар үшін оқу және өндірістік практикалар өткізуді қамтамасыз етеді. Өндірістік практикалардың негізгі базалары өңірдің жетекші кәсіпорындары болып табылады, олар: КПО б.в., «Қазбұрғаз» ААҚ, «ИнтергазОрталықАзия» АҚ, «Алау» ЖШС және т.б.

Кафедраның ПОҚ ғылыми жұмыстармен белсенді айналысады, түрлі халықаралық және республикалық ғылыми конкурстарға, конференцияларға, семинарларға қатысады. Соңғы 3 жылда кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы 50-ден астам ғылыми мақалалар мен тезистер жариялады, іргелі және шаруашылық келісім тақырыптары бойынша 3 ғылыми есеп жазды.

Кафедрада ғылыми студенттік қоғам мен ғылыми-студенттік үйірмелер жұмыс істейді, онда ғылыми жұмыстармен 1-4 курстың 50-ден астам студенті айналысады.

Кафедраның ПОҚ басшылығымен студенттер ҚР ҒжЖБМ ҒЗЖ конкурсы, «Жас ғалым», II тур республикалық пәндік олимпиадасы, «ZIAT», «Студенттің үздік инновациялық жобасы» және т.б. сияқты халықаралық, республикалық конкурстарда ғылыми жұмыстарды табысты ұсынады.

Студенттер мен магистранттар жыл сайын «KAZENERGY» қауымдастығының стипендиялық бағдарламасына қатысады және білім беру гранттарының иегерлері болады.

Кафедрада оқу және ғылыми жұмыстармен қатар студенттермен тәрбие жұмысы да жүргізілуде. Топ тәлімгерлерінің жетекшілігімен студенттер ЖОО-да өткізілетін «Денсаулық күні», «Бірінші курс күні», «Тілдер күні», «Наурыз – көктем мерекесі» сияқты мәдени-бұқаралық және спорттық-тәрбие іс-шараларына белсенді қатысады.

Академиялық ұтқырлық

БҚИТУ Мұнайгаз инженерия кафедрасы мен Удмурт мемлекеттік университетінің М. С. Гуцериев атындағы институтымен халықаралық ынтымақтастық шеңберінде оқу және ғылыми үрдісті талқылау

Бірлескен білім беру бағдарламалары