
2022 жылы 14 қарашада Удмурт мемлекеттік университеті және инженерлік-гуманитарлық факультетінің Мұнай-газ ісі кафедрасымен онлайн кездесу барысында 2022-2023 оқу жылының екінші жарты жылында білім алушылармен профессор-оқытушыларының академиялық ұтқырлық үрдісі талқыланды.
“Мұнай-газ ісі” кафедрасының профессор-оқытушыларына “Мұнай-газ ісі негіздері” пәнінен 150 академиялық сағатта, дәрістер, практикалық сабақтар, сондай-ақ білім алушыларға М. С.Гуцериев атындағы Мұнай және газ институтының: “Бұрғылау жуу және тампонаждық ерітінділер”, “Бұрғылау жабдықтары”, “ГС және БГС көлденең ұңғымаларын салу технологиясы”, “Ұңғымаларды жобалау және имитациялық модельдеу” оқу-зерттеу зертханаларында білім алуға мүмкіндік беріледі.
Сондай-ақ, профессорлар Михаил Брониславович Полозовпен, Ринат Гаязович Латыповпен және Самал Закикызы Ахметжанмен бірлескен ғылыми-зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалар жоспарланды.