Негізгі ұғымдар және жалпы талаптар
Академиялық ұтқырлық-бұл білім алушылардың белгілі бір академиялық кезеңге (оқу немесе өндірістік практикадан өтуді қоса алғанда), әдетте семестрге немесе оқу жылына, басқа жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе шетелде) оқу немесе зерттеу жүргізу үшін, өз ЖОО-да кредиттер түрінде игерілген білім беру бағдарламаларын белгіленген тәртіппен қайта есептей отырып, ауысуы.
Академиялық ұтқырлықты қамтамасыз ету мен іске асырудың мақсаттары, міндеттері мен жалпы ережелері Болон декларациясының негізгі қағидаттарына сәйкес келеді.
Академиялық ұтқырлықтың негізгі формалары:
– бірлескен бағдарламалар
– серіктес жоғары оқу орындары арасындағы академиялық алмасулар
– оқу (зерттеу, өндірістік) практикасынан өту;
– тағылымдамадан өту;
– жоғары оқу орындарының жазғы семестрлері.
Білім алушылар факультеттердің академиялық ұтқырлық координаторына көрсетілген мерзімге дейін қажетті құжаттар тізімін ұсынады. Сұралған құжаттар таңдалған бағдарлама мен университетке байланысты өзгеруі мүмкін. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға студент кафедрадағы эдвайзер көмегімен серіктес ЖОО-ды таңдайды, оқу үшін пәндер тізбесін айқындайды. Серіктес ЖОО-мен оқу жоспарын анықтауға кафедра жауапты болады.
Білім алушыларды іріктеу академиялық үлгерім, қабылдаушы тараптың тілін (немесе ағылшын тілін) білуі, академиялық ұтқырлық бойынша ауысу туралы келісім бағдарламасына сәйкес, конкурстың ашық рәсімі шеңберінде жүргізіледі.
Біздің серіктес университеттер:
Университет білім алушыларының академиялық ұтқырлығы шетелдік әріптес жоғары оқу орындарымен халықаралық шарттар (Халықаралық бағдарламалар, меморандумдар және ынтымақтастық туралы шарттар, алмасу және стипендиялық бағдарламалар) негізінде де, сонымен қатар отандық және шетелдік жоғары оқу орындарымен: Экономика университеті (Быдгощ қ., Польша), Удмурт мемлекеттік университеті, Альметьев мемлекеттік мұнай университеті, Тамбов мемлекеттік техникалық университеті, Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, Орынбор мемлекеттік педагогикалық университеті, Оңтүстік Орал мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университеті, Б.Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университеті., М.Ақмулла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университеті., Орал мемлекеттік педагогикалық университеті, Мәскеу мемлекеттік байланыс және информатика университеті, В. Брюсов атындағы Ереван мемлекеттік лингвистикалық университеті., Белгород мемлекеттік ұлттық зерттеу университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті., Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті., «Баишев университеті» мекемесі, Ақтөбе қ., Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қ. және т. б.
Кіріс академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша біздің университетте дәріс оқуға шақырылды:
Қазақстандық серіктес жоғары оқу орындарына оқуға жіберу үшін төменде көрсетілген құжаттарды қабылданады:
- Жеке куәліктің көшірмесі-2 дана
- Білім алушының өтініші – 2 дана (академиялық ұтқырлық және ХҚ бөлімі)
- Оқуға келісім – 2 дана (академиялық ұтқырлық және ХҚ бөлімі)
- Фото 3*4 – 2 дана
- Транскрипт
- Жеке парақ (сауалнама)
- Оқу жылына арналған оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) (кафедрада, көшірмесі)
- Жеке оқу жоспары (ЖОЖ)
- №075/у форма. Медициналық анықтама (жатақхана үшін)
- Егер студент 18 жасқа толмаған болса, ата-анасының еркін түрдегі жазбаша келісімі (ата-анасының қолдары мен телефондары бар)
- Грамоталардың, сертификаттардың, дипломдардың, алғыс хаттардың көшірмелері.
Сыртқы академиялық ұтқырлықты жоспарлау және ұйымдастыру кезінде мынадай нормативтік құжаттар пайдаланылады:
– ұтқырлық бағдарламалары бойынша білім алушының өтініші;
– ұтқырлық бағдарламалары бойынша оқыту туралы келісім;
– оқу туралы транскрипт;
– үшжақты шарт (ақылы халықаралық академиялық ұтқырлық бағдарламасы жағдайында);
– білім алушының жеке куәлігінің көшірмесі;
– қабылдаушы тараптың шақыруын алу үшін шетелдік паспорттың көшірмесі;
Төлем және виза мен сақтандыруды рәсімдеу білім алушылар тарапынан жүзеге асырылады.
Серіктес ЖОО-да оқуды аяқтағаннан кейін білім алушылар 10 күн ішінде оқу бөліміне немесе БҚИТУ ұтқырлық жөніндегі координаторына келесі құжаттарды ұсынуы қажет:
– серіктес университетте оқудан өткені туралы есеп;
– оқу туралы транскрипт.