Ғылыми кітапхананың негізгі мақсаты – оқырмандарды толық, қолжетімді, жедел түрде ақпаратпен қамтамасыз ету. Ғылыми кітапхана құрылымына: әдебиетті жинақтау және жөндеу, оқулық әдебиеттер абонементі, ғылыми әдебиеттер абонементі, оқу залдары, ақпараттық технология және библиография бөлімі және кітап қоймасы кіреді.
Оқу залында 370 оқырманға арналған орын бар және 8 дербес компьютер ортақ желіге Wi-Fi Интернетке қосылған.
Кітапхананың кітап қорының құрамы мамандандырылған, гуманитарлық, экономикалық, техникалық, педагогикалық, заң мамандықтары бойынша оқулықтар бар. Сонымен бірге көркем әдебиеттер, мерзімді басылымдар, электронды оқу құралдары бар.
Түрік, АҚШ, Ұлыбритания және БҰҰ, КИМЭП, ЮНИС өкілдерінің, және Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары қауымдастығы сыйға ұсынған әдебиеттер коллекциясы – кітапхананың мақтанышы.
Ғылыми кітапхана дәстүрлі катологпен сол сияқты «КАБИС» электронды каталогімен, Республикалық жоғары оқу орындары аралық электрондық кітапханасынан (РЖООАЭК) және құқықтық «Заң» базасы арқылы ақпарат алу қызметін жүргізеді. Келісім – шарт бойынша Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы, Х.Есенжанов атындағы облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы, Республикалық ғылыми-техникалық кітапхана, қалалық кітапхана, студенттерге қызмет көрсетеді.
Кітапханашылар оқырмандарға кеңес беріп, ақпарат алуға көмек көрсетеді. Оқырмандар білім деңгейлерін көтеру мақсатында оқу процесіне, ғылыми-зерттеу жұмысына жедел және толық кітап қоры туралы ақпарат алады. Каталогты тиімді қолдану арқылы оқырмандар толық, сауатты ақпаратқа қол жеткізеді. Болашақ маманның негізгі жетістігі анық және сапалы ақпарат алу болып табылады.











