«Сәулет және құрылыс» кафедрасы Қазақстанның батыс аймағының жалпы құрылыс индустриясы саласын білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін 6В07302 – «Құрылыс»; 6В07301 – «Сәулет»; 6В07303 – «Жерге орналастыру және кадастр» беру бағдарламаларын жүзеге асыруда.
Сәулет және құрылыс кафедрасының оқытушылары жоспарлы түрде Қазақстан мен жақын шет елдердің жетекші жоғары оқу орындарында өз біліктіліктерін арттырады. Осы оқу жылынан бастап Тюмень мемлекеттік университетімен келісім шарт жасалды.
ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысы осы бағыттар шеңберінде бастамашыл-іздестіру үстінде. Негізгі қорытынды нәтижелер оқу құралдарын шығару, мақалалар жазу, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалармен сөз сөйлеу, және кафедраның әдістемелік отырысына баяндамалар дайындау, оқу, дәріс студенттің өзіндік жұмысқа арналған материалдарын өзектендіру, шаруашылық келісім-шарт жұмыстарын орындау болып табылады.
2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша ПОҚ рейтингілері қорытындыланды. Соның ішінде техника ғылымдарының магистрі, аға оқытушы Умерешова Саягуль Гинаятовна алғашқы үздіктер қатарынан көрінді. Басқа оқытушылар жылдық жоспарларын толықтай орындады.