2025 жылдың 4 сәуірінде Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Көлік және технологиялар» кафедрасында «Студент және ғылым: қазіргі заманғы зерттеулердің өзекті мәселелері» тақырыбында ғылыми-практикалық студенттік конференция өтті. Шара академик Қаныш Сәтпаевтың туған күні және БҚИТУ-нің 25 жылдық мерейтойы мен «Ғылым онкүндігі-2025» жоспарына сәйкес өткізілді.

Конференцияға кафедраның студенттері мен профессор оқытушылар құрамы қатысты. Ғылыми-практикалық конференцияның негізгі мақсаты студенттер арасында білім және идеялармен алмасу үшін тұғырнама құру, ғылыми және практикалық дағдыларды дамыту, зерттеу қызметіне қызығушылықты ынталандыру, сондай-ақ ғылымның түрлі салаларында қазіргі заманғы әдістер мен технологияларды игеруге жәрдемдесу болып табылады.

Қатысушылар студенттердің ғылыми жетекшілермен бірлесіп дайындаған өзекті тақырыптар бойынша баяндамаларын ұсынды. Талқылау шеңберінде көлік құралдарын пайдалануға, автомобиль тасымалдарын ұйымдастыруға байланысты маңызды мәселелер қозғалды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.