Абекешев Аянбек Иманбайұлы

«Дене мәдениеті және информатика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, Қонақ үй индустриясын басқару, туризм және ивент-менеджмент саласындағы PhD докторы

E-mail: abekeshev2014@mail.ru

2004 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және туризм» мамандығы бойынша бітіріп «Туризм менеджері» біліктілігі берілген, 2008 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін 6N0608 Экология мамандығына магистратураға оқуға түсіп, 2010 жылы аяқтап, экология магистрі академиялық дәрежесі берілген.

2022 жылы Еуропалық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институтын (Прага, Чехия) туризм мамандығы бойынша, қонақжайлылық және туризм индустриясын басқару және іс-шараларды ұйымдастыру саласындағы PhD біліктілігі бойынша бітірді. 1995 жылдан еңбек өтілі, оның ішінде 20 жыл – білім саласында.

2006 жылдан бері Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде жұмыс жасайды.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

1. Абекешев А.И. “Экскурсия бос уақытты өткізу формасы ретінде”, “Жастар және ғылым: шындық және болашақ” ғылыми-практикалық конференциясының тезистері Орал, 15 қараша 2012 ж.

2.Абекешев А.И. “Жастар қоғамдық бірлестіктерінің студент жастарды тәрбиелеудегі рөлі” “Қазақстан Республикасының ЖОО-дағы студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту”ғылыми-практикалық конференциясының тезистері. БҚМУ хабаршысы.М. Өтемісов., Орал, 15 қараша 2017 ж.

3.Абекешев А.И.” Қазақстанда медициналық туризмнің даму қағидалары ” Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция 11-12 сәуір 2017ж. Спорт және туризм академиясы вестнигі (Алматы)

4.Абекешев А.И.” Батыс Қазақстан облысында туризмді дамытуға арналған Шалқар көлінің сараптамалық жүйесі ” Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің №7 жаршысы

Орал қаласы., 18 қараша 2019 ж.

ШЕТЕЛДІК БАСЫЛЫМДАРДАҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

1.Абекешев А.И. “Қоршаған ортаның жай-күйі экологиялық туризмді дамыту факторы ретінде”, “ВЭГУ хабаршысы” ғылыми-практикалық конференциясының тезистері – әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша ғылыми журнал. Орал, 08 Қазан 2016 ж.

2. Абекешев А.И. “Шалқар көлінің рекреациялық тартымдылығы мен туризм мен рекреация мақсаттары үшін пайдалану мүмкіндігін бағалау”, “Туризмдегі инновациялық-инвестициялық процестерді дамыту перспективалары” ғылыми-практикалық конференциясының тезистері. Ташкент қаласы, Өзбекстан Республикасы, 15 мамыр 2020 ж.

3. «Анализ психологических особенностей туристов». Экономическая серия вестника Евразийского национального университета им. Л.Н.Гумилева (КОКСОН) сентябрь 2023 г.

4. «Қазақстанның туризм индустриясы: экономикалық мәселелері және жетілдіру жолдары». Встник Торайгыров университета. Экономическая серия. ISSN 2710-3552 № 4 (2023) (г. Павлодар) (КОКСОН), декабрь 2023 г.

ВИДЕОЛЕКЦИЯЛАР ТІЗІМІ

1.Тақырыбы: “Туризм тарихы” (https://www.youtube.com/watch?v=h2u-lpeMztM).

МАРАПАТТАРЫ:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің, Батыс Қазақстан облысы әкімі мен департаменттері басшыларының медальдарымен және алғыс хаттарымен марапатталған.

Еріктілер қозғалысын дамытуға және Қазақстан Республикасының жастар саясатын насихаттауға қосқан үлесі үшін мақтау қағазы мен төс белгісінің иегері (2015);

2018 жылы Батыс Қазақстан облысы Тілдерді дамыту басқармасының атынан Қазақстан Республикасында жастар жылына орай және Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасы өкілдерімен әлеуметтік-мәдени байланыстарды нығайту мақсатында өткізілген «Алтын көпір» атты Халықаралық фестивалін ұйымдастырғаны үшін алғыс хатпен марапатталды;

2018 жылы Батыс Қазақстан облысында Жастар және отбасылық саясаты дамыту бойынша Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды;

2019 жылдың 13-18 мамыр аралығында Батыс Қазақстан облысында облыстық дене шыңықтыру және спорт басқармасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы және Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен Х жазғы Универсиаданы өткізуге зор үлес қосқаны үшін ҚР БҒМ К.Шамшидинованың қолынан Алғыс хатпен марапатталды,

2019 жылы Батыс Қазақстан облысы Мәдениет басқармасының атынан алғыс хатпен марапатталды;

2021–2022 жж. Жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі ерен еңбегі үшін Батыс Қазақстан облысы және Орал қаласы әкімдерінің Алғыс хаттарының иегері. 2020 жылдың қорытындысы бойынша БҚИТУ-дағы «Жыл үздігі – 2019» байқауының «Университет имиджін қолдағаны үшін» номинациясы бойынша марапатталды.


Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор