Магистратураға арналған буклеттер

БҚИТУ Инженерлік –технологиялық факультеті 2020 – 2021  оқу жылына магистратураның келесі  білім бағдарламалары бойынша оқуға қабылдау жүргізетіндігін жариялайды:           

  1. 7М07201 – Мұнай газ ісі
  2. 7М09101 – Ветеринарлық медицина

Магистратураға дайындық  екі  бағытта  жүреді:

1) ғылыми-педагогикалық бағытта–оқу мерзімі 2 жыл;

2) бейіндік бағытта –оқу мерзімі                          1 жыл;  1,5 жыл.

  Ғылыми – педагогикалық бағыттағы магистратура жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар, колледждер үшін тереңдетілген ғылыми-педагогикалық және зерттеу даярлығы бар ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлайды.

Бейінді бағыт бойынша магистратура экономика, қызмет көрсету және бизнес салалары үшін тереңдетілген кәсіптік даярлығы бар басқарушы кадрларды даярлайды.

Магистратураға өтініштер қабылдау мерзімі:                  2020 ж. 15 маусым –  15 шілде  

 Кешенді тестілеу өту мерзімі:                                              2020 ж. 1 –  15 тамыз 

Оқуға қабылдау мерзімі:                                                       2020ж28  тамызына   дейін      

 Кешенді тестілеуге:

– шетел тілінен тест;

-білім беру бағдарламалары тобының бейіні  бойынша тест (қазақ немесе орыс  тілінде);

-оқуға  дайындығын  анықтауға  арналған тест  (қазақ  немесе  орыс  тілінде).

     

 

Магистратурада  білім  алу  үшін  Кешенді   тестілеудің 150-балдық бағалау  жүйесінің   шкаласы

Тест түрлері Тапсырма нысандары Тапсыру тілі Тапсырмалар саны Балдар Өту балы
 

1

Шет тілі  бойынша тест

 

1. Тыңдау

2. Лексикалық-грамматикалық тест

3.Оқу

ағылшын / неміс / француз  

50

 

50

 

25

2 Оқуға дайындығын анықтау тесті Бір дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша  

30

 

30

 

15

 

 

3

 

Білім беру топтарының пәндері бойынша тест

Бір дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша 30 30 15
Бір немесе бірнеше дұрыс жауапты таңдау қазақша/ орысша 20 40 20
  Барлығы     130 150 75

(150 балдың  ішінен) КТ нәтижесі бойынша магистратураға қабылдаудың өту балы

Даярлау  бағыты Ақылы негізде Мемлекеттік тапсырыс  бойынша
1 ғылыми-педагогикалық магистратура 50 балдан кем емес 75 балдан кем емес
2 бейінді  магистратура 50 балдан кем емес 75 балдан кем емес

 

Магистратураға түсуші тұлғалар ЖОО –ға мынадай құжаттарды тапсырады:

өтініш;   жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесін;  жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;  кадрлар есебі бойынша жеке іс парағы мен еңбек қызметін растайтын құжатты (еңбекөтілі бар тұлғалар үшін);  3×4 сантиметр өлшемді 6 фото сурет;  086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;  шетел тілінен тест тапсырғаны туралы халықаралық сертификаттың  көшірмесін   (бар болса); тезтігіндегіш, конверт, файл.

 

Құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түп нұсқалар қайтарылады.

 

САПАЛЫ БІЛІМ  —  ТАБЫСТЫ ЛАУАЗЫМҒА АПАРАР ЖОЛ!

БҚИТУ Инженерлік-технологиялық факультетінің

магистратурасына қош келдіңіздер !!!

Кеңес алу үшін келесі мекен-жайға жолығуыңызға болады:

Орал қаласы,  Ықсанов көшесі,   44; 

Магистратураға қабылдау жөніндегі барлық сұрақтар бойынша келесі телефондар бойынша хабарласа аласыз :

8 777 385 76 81;  8 (7112)  50 01 69; аудитория  №  314;   

7М09101 – Ветеринарлық медицина мамандығы магистратурасына қабылдау жөнінде:  8 705 465 85 85; № 107  кабинет (Экология және  биотехнология  кафедрасы);                                                                           

 7М07201 – Мұнайгаз ісі мамандығы магистратурасына қабылдау жөнінде : 8 777 574 63 60;   № 307  кабинет (Мұнайгаз ісі және салалық технологиялар кафедрасы)

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz