Кіріспе
Жалпы әлемдік және ұлттық ауқымда қоғамдық даму басымдықтарының қарқынды өзгеруі жағдайында қоғамдық және жеке тұлғалық дамудың маңызды факторы ретінде жоғары білімнің рөлі елеулі түрде артады. Сондықтан да білім беру елдің ұлттық жобаларының біріне айналып отыр.
Білім беру саласындағы мемлекеттік саясат зиялы ұлтты қалыптастыру, отандық ғылымның жаңа үлгісін құруға бағытталған, бұл жоғары оқу орындары алдында жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды. Жоғары білім беру жүйесіндегі барлық өзгерістер Қазақстанның әлемнің едәуір бәсекеге қабілетті елдері қатарына енуі стратегиясын жедел жүзеге асыруға қосылған нақты үлес болып табылады.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – Қазақстанның батыс аймағы үшін білім беру, бизнес, инженерия, ауыл шаруашылығы және басқа салаларда кадрлар дайындауда көп жылдық тәжірибесі бар көп салалы университет, жұмыс берушілердің белсенді, ынталы, креативті түрде ойлайтын және нәтижелі әрекет ететін мамандарға деген қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады.
Жоғары оқу орнының стратегиялық жоспарын құру – стратегиялық жоспарды, оның мақсаттарын тұжырымдау, келешекте нәтижелі жұмысты қамтамасыз ету мақсатында тұрақты даму және әлеуметтік-экономикалық дамуды болжаудың стратегиялық идеяларын жобалау арқылы құру үдерісі. Стратегиялық жоспарлау үдерісі келешектегі дамудың және сыртқы орта әсерінің айқын болмауы жағдайында ректоратқа ұзақ мерзімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Оның міндеті сыртқы ортадағы өзгерістерге сәйкес әрекеттер үшін жеткілікті көлемде қызмет көрсетулерді, манеджменттің үдерістері мен жүйелерінің сапасын арттыруға бағытталған оң ұйымдық өзгерістерді қамтамасыз ету болып табылады.
Стратегиялық жоспар, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің 2016-2020 ж.ж. арналған стратегиялық жоспары ЖОО дамуының негізгі мақсаттары мен міндеттері және оның орта мерзімді келешектегі тұрақты даму тетігі белгіленген негізгі құжат болып табылады.
Стратегиялық жоспарды дайындаудың алғышарттары:
– «Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асырудың қажеттілігі;
– ҚР президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асырудың қажеттілігі;
– Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың қажеттілігі;
– жаңа үлгідегі, ынталы, еңбек нарығы мен технологияның өзгермелі талаптарына бейімделген, бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған, тұтынушылар сұранысына сәйкес келетін ЖОО инновациялық-білім беру инфрақұрылымының өзгеруі.
1.Басты міндеті және болжамдары.
Батыс Қазақстан иннвациялық-технологиялық университетінің басты міндеті:
Қазақстан Республикасы игілігі үшін жаңа үлгідегі жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындау
Келешектегі басты міндетті жүзеге асыру өздігінен ойлауға қабілетті, стратегиялық ойлау қабілетіне ие, ұлттық және әлемдік экономикадағы ауқымды трендтерді басқара алатын жоғары қабілетті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға бағытталған.
Университетті болжау. Осы даму стратегиясын жүзеге асыру нәтижесінде университет өз дамуы шеңберінде инновациялық тәсілді жүзеге асыратын, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар бәсекеге қабілетті мамандарды дайындайтын Қазақстан Республикасы аймағының ірі Жоғары оқу орындарының бірі ретінде көрінеді.
2. Ағымдағы жағдайдың талдауы
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті – дамыған инфрақұрылымы бар көп салалы ЖОО: 7 зертханалық-оқу корпусы, 1 жатақхана, 3 спорт залы және 2 косымша зал, редакциялық-баспа бөлімі, ветеринарлық клиника, виварий және басқалар. Соңғы жылдары оқытушылар мен жас ғалымдарға арналған тұрғын үй пайдалануға берілді.
Компьютерлік парк PENTIUM тобының 500-ден астам бірлігін құрайды. 26 оқу сыныбы INTERNET желісіне қосылған компьютерлермен жабдықталған.
900 мың дай сақтау бірлігі бар кітап қорына ие ғылыми кітапхана 497 орынға арналған 6 оқу залын қамтиды. Кітапхана қоры жыл сайын 5000-6000 бірлікке жаңарып отырды.
Кадрлық әлеует 240-ден астам адам ПОҚ құрайды, соның ішінде 1 ҚР ҰҒА академигі, 14 доктор және 106 ғылым кандидаттары. Жыл сайын еліміздің және шет елдің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында 50-ден астам қызметкер біліктілікті арттырады.
Оқу-әдімтемелік үдеріс студенттер мен ПОҚ оқу-танымдық әрекеттерін белсендіруге, қолданылатын білім беру технологияларын түрлендіруге бағытталған. Академиялық мобильділік қарқынды дамуда, көптілдік білім беру қағидаларын жүзеге асыру жоспарлануда.
Оқу-әдістемелік жұмыстарды уақыттылы шешу нәтижесінде жоғару оқу орны оқу үлгерімі мен білім сапасына қатысты бірқатар көрсеткіштердің артуына қол жеткізді. Сессия, ОЖСБ, мемлекеттік аттестаттау қорытындылары бойынша білім сапасы тұрақты және арту үстінде. Жыл сайын Республикалық студенттік олимпиадада біздің ЖОО-ның студенттерінің көп бөлігі құрметті жүлделі орындарға ие болуда.
2007 жылдың қыркүйегінде Болон Декларациясының негізі болып табылатын Университеттердің Хартиясы бекітілді. ЖОО ҚР Білім және ғылым министрлігі тарапынан және сол сияқты тәуелсіз қоғамдық ұйымдар тарапынан да Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесі шеңберіндегі бақылаудың барлық тиісті кезеңдерінен өтеді.
Университеттің дамуының басым бағыты ғылым мен білімді біріктіру, ғылыми әлеуетті арттыру болып табылады. Университет ғалымдары жұмысының басым бағыттары: табиғатты тиімді қолдану, табиғи қорларды күрделі өңдеу және эклогиялық қауіпсіздік бойынша ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруы шеңберінде ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізіледі. ЖОО ғылыми базасы экологиялық және химиялық-технологиялық бағыттағы ғылыми-зерттеу зертханаларын, ветеринарлық клиниканы, Компьютерлік технологиялар мен тілдердің халықаралық ғылыми-білім беру орталығын қамтиды. Батыс Қазақстан облысы кәсіпорындары мен ұйымдарының тапсырысы бойынша 23 ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстар жүргізілуде. Жоғары оқу орнында студенттерді ғылыми-зерттеу қызметіне белсенді түрде ынталандыру, ғылыми конференцияларға, инновациялық байқауларға қатысуға тарту арқылы «ғылым арқылы оқыту» қағидасы жүзеге асырылады. Университетте Жас ғалымдар кеңесі, ғылыми студенттік қоғамдар, студенттік үйірмелер өз қызметін атқарады. ЖОО студенттері Қазақстанда және одан тыс жерлерде өткізілетін көптеген беделді ғылыми конференциялар мен инновациялық байқаулардың жеңімпаздары болып табылады.
Университет қызметінің маңызды бағыты шет елдердің білім беру және ғылыми мекемелерімен халықаралық қызмет салаларындағы ЖОО саясатын жүзеге асыру, Болон үдерісі қағидаларына сәйкес білім беру саласында халықаралық байланысты дамыту болып табылады. БҚИТУ ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімшарттар негізінде 30-дан астам жақын және алыс шет ел ЖОО және ғылыми орталықтарымен серіктестік қарым-қатынастарды қолдап келеді. Серіктес жоғары оқу орындары бірлескен ғылыми және білім беру жобаларын жүзеге асырады, бірлескен ғылыми-тәжірибелік конференцияларды ұйымдастырады және өткізеді, студенттер мен магистранттарға, оқытушыларға дәріс оқу үшін шет ел ғалымдарын шақырады.
Университет құрамында бакалавриаттың 39 мамандығы, 2 жоғары арнайы білім беру және 8 магистратура мамандығы бойынша мамандарды дайындайтын 4 факультет бар.
Білім алушылардың практикалық дайындығын ұйымдастыру маңызды білім беру қызметтерінің бірі болып табылады, бітірушінің бәсекеге қабілеттілігі мен одан кейін жұмысқа орналасуы оның сапасына байланысты болады.
Бүгінгі күні практика базаларымен жасалған келісімшарттар саны 230-ды құрайды. Базалық шаруашылықтардан басқа, университетте практика кафедралардың 7 филиалында ұйымдастырылады.
Университетте Ресей Федерациясынан, Словакиядан, Түркмениядан, Грузиядан, Өзбекстаннан, Кырғызстаннан 20-ға жуық шет ел студенті білім алады.
2.1 SWOT – кадрларды дайындаудың талдауы
Күшті жақтары:
– еуропалық білім беру кеңістігіне ену, кең ауқымды халықаралық байланыстар шет елде ЖОО танымалдылығы;
– дамыған инфрақұрылымы бар жетілген матриалдық-техникалық база;
– қаржылық тұрақтылық және қаржыландырудың көп арналы жүйесін қалыптастыру;
– ЖОО басқаруда қызметкерлер мен білім алушыларды тарту тетіктерінің болуы;
– қызметкерлер мен білім алушылардың шығармашылық қызметін ынталандыру тетіктерінің болуы;
– негізгі үдерістер нәтижелілігін бағалау критерийлерінің өлшемділігі;
– ҚР МЖМБС сәйкес келетін мониторинг және қызмет көрсету мен үдерістерді басқару деңгейі;
– ҚР БҒМ Ғылым комитетінің гранттық қаржыландырудың бюджеттік бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде ғылыми-зерттеу жобаларын орындау;
– білім беру және ғылыми үдерістерді жүзеге асыру, ғылымға студенттік жастарды белсенді тарту мақсатында ЖОО ғылыми-зерттеу зертханаларының қызмет етуі;
– Thomson Reuters, Scopus, нөлдік емес импакт-факторы бар халықаралық басылымдарда жариялаған профессорлық-оқытушылар құрамының ғылыми мақалаларын болуы;
– шет ел және Қазақстандық ЖОО және ғылыми орталықтармен ғылыми-білім беру байланыстарының болуы;
– ПОҚ, кафедралар және факультеттердің қызметін бағалаудың рейтингтік жүйесін қолдану.
– қомақты кітапхана қорының болуы.
Әлсіз жақтары:
– бірқатар білім беру бағдарламаларына сұраныстың төмендеуі;
– кейбір білім беру бағдарламалары бойынша білікті кадрлардың жеткіліксіздігі;
– бірқатар мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім беру бағдарламаларын ашуға арналған жағдайлардың жеткіліксіздігі;
– мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік әдебиеттің жеткіліксіз дәрежеде қамтамасыз етілуі;
– оқытудың инновациялық технологияларын жеткіліксіз қолдану;
– ПОҚ-ның қаржыландыратын ҒЗЖ-ға жеткіліксіз түрде қатысуы;
– шет ел жоғары оқу орындарымен бірлесе жұмыс істеуге білім беру және ғылыми-зерттеу бағдарламаларының жеткілікті түрде дамымағандығы;
– халықаралық машықтанудың, ПОҚ мен білім алушылардың алмасу және мобильділіктің әлсіз ұйымдастырылуы;
– ПОҚ мен білім алушылардың ағылшын тілін білуінің төменгі деңгейі;
– ПОҚ төменгі жалақысы және өмір сүру деңгейінің төмендеуі.
Мүмкіндіктер:
– Болон үдерісінің негізгі қағидаларын жүзеге асыру;
– Қазақстанның алдыңғы қатарлы ЖОО ескере отырып, ЖОО білім беру және ғылыми саясатын жетілдіру;
– ұлттық рейтинг көрсеткіштерді жақсарту;
– оқытудың заманауи инновациялық-технологияларын енгізу, оны түрлендіру;
– ЖОО менеджмент жақсарту бойынша әдістемелік дайындамалардың жеткілікті көлемінің болуы;
– үздіксіз мониторинг, талдау жүргізу және тұтынушылар талаптарының қанағаттандырылуын арттыру;
– білім беру, ғылым және өндірісті біріктірудің жаңа сатысына өту;
– заңды және жеке тұлғаларға білім беру, ғылыми және кеңес берудің ақылы қызметтерінің ауқымын кеңейту;
– ғылыми және білім беру қызметін гранттық қаржыландыру бойынша халықаралық бағдарламалардың кең ауқымының болуы;
– жақын және алыс шет ел елдерінің ЖОО-мен және ҒЗИ-мен ынтымақтастықты кеңейту;
– қыметкерлердің негізгі еңбек ақысына арнайы үстемелер жүйесі, ардагерлер, көп балалы отбасылар, жетім студенттер, жас ғалымдарды қаржылық қолдау негізінде әлеуметтік шараларды кеңейту;
– әлеуметтік серіктестікті дамыту, студенттер мен магистарнттар практикасын ұйымдастыру, бітірушілерді жұмыспен қамту үшін жұмыс берушілерді тарту;
– материалдық-техникалық базаны жақсарту: жаңа зертханалық құрал-жабдықтарды сатып алу, студенттер, магистранттарға арналған жатақхана, оқытушылар мен қызметкерлерге тұрғын үй салу;
– әлеуметтік жағдайларды қамтамасыз ету есебінен ЖОО-да жұмыс жасау үшін жоғары білікті мамандарды тарту;
– техникалық және кәсіби білімнің дамуына ықпал ету.
Қауіп–қатерлер:
– ғылыми зертеулерді жүргізу және оларды практикаға енгізуде ғылыми қызметкерлерді ыналандыру деңгейінің төмендігі;
– жаңа үлгідегі бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға арналған үлгілік ОӘК мазмұнының жеткіліксіз бағытталуы;
– жаңа үлгідегі ПОҚ мен менеджерлердің жеткіліксіздігі;
– ИСО негізгі қағидаларын толық сақтамау (көшбасшылық, қызметкерлердің қызығушылығы, үдерістік және жүйелі қатынастар).
Скачать и просмотреть полностью