Білім алушылардың кәсіби білім алып, болашақ педагог мамандығын менгеруіне бағытталған жоспарлы оқу – тәрбие жұмыстарын жүзеге асыруда. Келесі білім беру бағдарламалары бойынша бакалавр және магистр дәрежесіндегі мамандар даярлаумен айналысады:
6В01101 «Педагогика және психология»
6В01201 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу»
6В03101 «Психология»
7М01101 «Педагогика және психология»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫС
Кафедра жоғары білікті педагогтарды сапалы біліммен қамтамасыз ету және барлық үлгідегі білім беру мекемелерінде оқу-тәрбие үрдісін жобалау, жүргізу, тәрбиеленушілердің тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық зерттеу, білім алушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып, дамыту және түзету бағдарламаларын іске асыруға құзыретті мамандар даярлаумен айналысады.
Оқытушылар студенттердің мамандыққа икемділіктерін дамыту мақсатында дәріс сабақтарында берілген ақпараттың ғылым дамуының қазіргі кезеңіне сай болуын, жүйелілігі, материалдың дәлділігі, студенттің дүнетанымдық көзқарасын қалыптастыруға бағыттап жоспарлайды. Дәріс сабақтарында іскерлік ойындар, тренингтер, презентациялар, психологиялық тестерді пайдалануды шебер жүзеге асырып жүр.
Оқу үдерісіне инновациялық технологияларды енгізу, озық тәжірибелермен танысу мақсатында оқытушылардың ашық сабақтары, шеберлік сыныптары мен өзара сабаққа қатысымдары әдістемелік жағынан проблемдік оқыту, ойын технологиясы, деңгейлік оқыту, топтық оқыту, өзіндік дамыту (Монтессори бойынша), дамыта оқыту, СТО, модульдік технологиялары негізінде ұйымдастырылады.
Кафедра бүгінгі күні талап етіліп отырған практикаға бағытталған дуалдық оқыту жүйесін жүзеге асыру мақсатында Орал гуманитарлық-экономикалық колледжі, А.Байтұрсынов атында №10 жалпы орта білім беретін мектебі КММ, №10 «Балапан» бөбекжайымен келісім – шарт жасалып, кафедраның филиалы ретінде ынтымақтастық орнатылды. Жоспарланған шаралар бойынша мектеп және балабақша психологтарына жас ерекшеліктеріне байланысты баланың мінезіндегі психикалық өзгерістер жөнінде, ұжымдағы қарым-қатынасты жақсартудың жолдарын, отбасылық психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік жағдаяттарды шешудің әдістері жөнінде дәрістер циклі, дөңгелек үстелдер, семинарлар ұйымдастырып тұрады. Жұмыс берушілер ретінде білім беру бағдарламаларын талдауға қатысады. Аталған базаларда біріктірілген сабақ түрлері, практика өткізу, кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізу жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Университет студенттерінің академиялық ұтқырлығы шетелдік серіктес университеттермен халықаралық келісімдер (халықаралық бағдарламалар, ынтымақтастық туралы меморандумдар мен келісімдер, алмасу және стипендиялық бағдарламалар), сондай-ақ Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен келісімдер негізінде жүзеге асырылады: Әсіресе, біздің кафедра Самара мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университеті, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Бәйішев университеттерімен бірлікте жұмыстар атқарды.
ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ
Кафедраның ғылыми санаты бар оқытушылар саны -12. П.ғ.д. профессоры Бахишева С.М., ғылым кандидаттары, тәжірибелі оқытушылар педагогика және психологияның өзекті мәселелері бойынша ғылыми, оқу-әдістемелік жұмыстармен айналысуда.
Кәсіпорындар мен өндіріс орындарының тапсырысы бойынша шаруашылық келісімшарт негізіндегі зерттеу жұмысының тақырыбы: «Өзін-өзі оқыту ұйымында жобалау қызметі арқылы колледж педагогтарының метадағдыларын дамыту» (2021 жыл, 16 қараша № 0121РКД0191 келісімшарт). Ғылыми-зерттеу жұмысының жетекшісі п.ғ.д.профессор Бахишева С.М. Келісім-шарт бойынша ғылыми-зерттеу жұмысы Орал гуманитарлық-экономикалық колледжінде жүргізіледі. Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: колледж педагогтарының метадағдыларын өзін-өзі оқыту ұйымында жобалау қызметі арқылы дамыту.
П.ғ.к., профессор Тасимова А.А жетекшілігімен «Инновационные педагогические технологии как основа формирования педагогического мастерства преподавателя ВУЗа и компетентности будущих специалистов» тақырыбындағы ғылыми жоба жоспарлы түрде жұмыс жасалуда (2019-2022 ж.ж).
П.ғ.к. доцент Г.К. Джонисованың жетекшілігімен «Педагогикалық технологиялар арқылы тәрбиешілердің құзыреттілігін арттыру» тақырыбы бойынша зерттеу жұмысы жүргізілуде. Оқу жоспарына «Мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің құзыреттілігін қалыптастыру жолдары» тақырыбында элективті пән енгізілді. Қала тәрбиешілеріне арналған біліктілік көтеру курсы жүргізіліп жатыр.
Профессор Тасимова А.А. Конкорд Академиясының (Франция) корреспондент мүшесі және Бельгия заманауи білім беру және зерттеу институтымен тығыз байланыста жұмыс жүргізуде.
«Цифрлық дәуірдегі білім беру дизайнын трансформациялау мәселелерін зерттеу» ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді. Жетекшісі п.ғ.д, профессор Бахишева С.М. Білім берудің өзекті мәселелері бойынша ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру, жүргізу және үйлестіру, білім беру ұйымдарының инновациялық қызметін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету мәселелерін зерттейді.
Ең үлкен жетістік С.М.Бахишеваның жетекшілігімен ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2022 жылғы 2022-2024 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыруға арналған конкурсқа «Жоғары оқу орындарында цифрлық білім беру технологияларын интеграциялауға негізделген аралас оқытудың педагогикалық дизайны» тақырыбы бойынша ғылыми жоба дайындалып, Ұлттық Ғылыми кеңестің оң бағасына ие болды.
Шетелдік оқу орындармен байланыс орнату мақсатында Самар мемлекеттік әлеуметтік-педагогикалық университетімен келісімшарт негізінде «Білім беру үрдісінде субьектілерді оқыту мен тәрбиелеу инновациялық технологияларды қолданудың педагогикалық-психологиялық аспектілері» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.
Білім алушылар үшін инклюзивті білім беру, педагогикалық шеберлік кабинеттері және профессор Қ.Ж. Қожахметова атындағы этнопедагогика кабинеті ұйымдастырылған. Кабинеттер әдістемелік материалдармен, заманауи мультимедиялық, техникалық құралдармен жабдықталған.
ПРАКТИКА
«Педагогика және психология» кафедрасы бойынша білім беру бағдарламаларына сәйкес кәсіптік практиканың төмендегідей түрлері жоспарланады:
1) оқу (таныстыру) практикасы (2 семестр 1курс, 2 кредит көлемінде 2 апта, 60 сағат);
2) психологиялық-педагогикалық практика (2 курстың 4 семестрі, 2 кредит көлемінде 2 апта, 60 сағат);
3) педагогикалық практика (3 курс, 6 кредит, 180 сағат көлемінде 6 апта);
4) өндірістік-педагогикалық тәжірибе (4 курстың 8 семестрі, 10 апта, 10 кредит, 300 сағат көлемінде).
Практика мерзімдері студенттердің теориялық дайындығы мен практика базасының және университеттің оқу-өндірістік (академиялық күнтізбе мен оқу процесінің кестесіне сәйкес) мүмкіндігіне сай тағайындалды.
Аталған білім беру бағдарламалары бойынша студенттер мектепке дейінгі білім беру мекемелері, жалпы орта білім беретін мектептері, арнайы психологиялық түзету, психологиялық‑педагогикалық түзеу мекемелерінде практика базасы ретінде сараманнан өтеді.
Атап айтатын болсақ: Орал қаласы білім бөлімінің «№19 жалпы білім беретін мектебі» КММ, орыс тобы Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы Орал қаласы білім бөлімінің «№9 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Орал қаласы білім бөлімінің «№5 жалпы білім беретін мектебі» КММ, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасы «Орал қаласының психологиялық‑педагогикалық түзеу кабинеті» КММ, БҚО.Орал қаласы, ЖК«АВА Балама орталығынан», Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, «Айяна» жеке мектепке дейінгі білім беру мекемесі, Орал қаласы білім беру бөлімінің «№45 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ, БҚО.Орал қаласы, Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледж, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қаласы білім беру бөлімінің №22 «Колобок» бөбекжайы МКҚК, БҚО, Орал қаласы, «Балбөбек» жеке бөбекжайы, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Бәйтерек ауданы білім беру бөлімінің «Январцев «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» КММ.