Біздің университет өз қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына, іскерлік этика қағидаттарына және университеттің ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
Комплаенс-офицер өз жұмысында Қазақстан Республикасының заңнамасын, бұйрықтарды және Университеттің іскерлік этика қағидаттарына, басқа да ішкі құжаттарын басшылыққа алады. Комплаенс-офицер Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы кеңес төрағасына тікелей бағынатын лауазымды тұлға болып табылады.
Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша сыртқы реттеушілік талаптар мен ең үздік халықаралық тәжірибенің сақталуын қамтамасыз ету.
2) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттарын сақтауды қамтамасыз ету.
3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, бағалау және қайта бағалау.
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар жүйесін тиімді іске асыру.
Комплаенс-офицердің негізгі міндеттері:
- қоғам қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сондай-ақ корпоративтік этика кодексін сақтауын бақылау;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу;
- сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері туралы ақпаратты жария етуді қамтамасыз ету.
Сіз бұзушылық әрекетіне тап болдыңыз ба?
Комплаенс-офицерге хабарлаңыз – біз қауіпсіздік пен құпиялылыққа кепілдік береміз. Қаласаңыз, жасырын түрде хабарласа аласыз. Комплаенс қызметінің жедел желісі оған білім алушылардың, оқытушылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ университет серіктестерінің жүгінуіне арналған. Бізге қоңырау шалыңыз немесе кері байланыс түрінде немесе корпоративтік поштаға жазыңыз — өз атыңызбен немесе жасырын түрде. Біз барлық өтініштер, соның ішінде анонимді өтініштер қаралатынына кепілдік береміз.
Комплаенс қызметінің мекен-жайы мен байланыстары:
Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы, 194, 215 кабинет
Телефон: 8 777 176 94 97
E-mail: abekeshev2014@mail.ru