2019 жылдың 8 қаңтарында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті Инженерлік-технологиялық факультетінің Экология және биотехнология кафедрасында ғылыми семинар өткізілді.
Семинар мақсаты – 2018 жыл бойынша профессорлық-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмысын қорытындылау, 2019 жылға ғылыми зерттеулерді жоспарлау.
Ғылыми семинарда кафедра оқытушылары 2018 жыл бойынша аралық және қорытынды есептерін, 2019 жылға қайта қалыптастырылған бағдарламалар мен әдістемелерін ұсынды.
Ғылыми семинар бағдарламасына сәйкес, 019 «Инновациялық тәжірибені тарату және енгізу бойынша қызметтер» бюджеттік бағдарламасы шегіндегі ғылыми жоба бойынша есептер, 3 келісімшарттық, 3 ізденушілік тақырып, 3 аспирант ғылыми тақырыбы бойынша есеп; Ю.А.Гагарин атындағы СМТУ бірге жүргізілетін кешенді тақырып (халықаралық жоба) шегінде ғылыми-зерттеу жұмысы бойынша есеп, сонымен қатар 2 ғылыми зерттеулер бағдарламасы мен әдістемесі ұсынылды.
Ғылыми семинар қорытындысы бойынша Web of Science және Scopus базасында индекстелетін; ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетімен ұсынылған басылымдарға ғылыми мақалаларды жариялау бойынша ұсыныстар берілді.
2017 жылдың 13 сәуір күні «Молодежь – духовный и интеллектуальный потенциал страны: исторический опыт и перспективы развития» атты XVII Халықаралық студенттер мен магистранттар конференциясы аясында инженерлік-технологиялық факультетінің экология және биотехнология кафедрасында «I Genius» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды. Шараның мақсаты қатысушылардың ұйымда жұмыс жасау білуін қалыптастыру, әртүрлі ғылымда және жалпы көзқараста білімін толықтыру.
Ойында «Ветеринарлық санитария», «Кадастр», «Қоршаған ортаны қорғау және тіршілік қауіпсіздігі», «Стандартизация және сертификация» мамандығының бірінші курс студенттерінен құралған командалар қатысты. Зияткерлік шайқас арасында 4 команда сайысты: «Диаграмма», «Адреналин», «Эгоист», «NRG». Басында «Таныстыру» сайысында команданың ұраны мен эмблемасын таныстырды. Ойын «Своя игра» телебағдарламасы стилінде өтті, қатысушылар ұнаған сұрақтардың категориясы мен бал санын таңдады. Ойыншыларға химия, биология, тарих, география, математика, сонымен қатар тілдерді, еуропалық мәдениетті білу облысы бойынша сұрақтарға жауап беру болды. Екі раунд қорытындысы бойынша әділқазы алқасы қорытындылады. Барлық зияткерлік шайқас қатысушыларына дипломдар табыс етілді.