Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің мұнай-газ және салалық технологиялар кафедрасының оқытушылары әрдайым ғылыми-тәжірибелік конференцияларға және семинарларға қатысу арқылы өздерінің педогогикалық шеберліктерін шыңдайды. Мысалға алатын болсақ, мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Аманова Бибигуль Нағашебайевна Шымкент қаласының SILKWAY халықаралық университетінде өткен: «ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІ: БІЛІМ БЕРУДЕГІ ҚҰЗЫРЕТТІЛІК ТӘСІЛ» атты ғылыми-тәжірибелік  конференциясына қатысты. Оқытушымен  келесі тақырыптағы баяндама дайындалды: «Технология проблемного обучения как инновационное направление в современном образовательном процессе». Конференция қорытындысы бойынша қатысушыларға сертификат берілді және «Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция еңбектері. Педогог кәсібилігі: білім берудегі құзыреттілік тәсіл” атты екі томдық жинақ шығарылды.

Берілген «Технология проблемного обучения как инновационное направление в современном образовательном процессе» тақырыбы бойынша аға оқытушымен ғылыми зерттеулер бағдарламасы мен әдістемесі құрылды, зерттеу жұмысы жүргізілді, есеп құрылып, Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде 2019 жылдың 9 қаңтарында өткен мұнай-газ ісі және салалық технологиялар кафедрасы ғылыми-практикалық конференциясына баяндама ұсынылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz