2026 жылдың 21–23 шілде күндері Петропавл қаласында өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы қазақ күресінен Қазақстан Республикасының чемпионатында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Айсұлу Сәрсенова +77 салмақ дәрежесінде ел чемпионы атанып, Қазақстан Республикасының спорт шебері нормативін орындады.
Айсұлуды жарқын жеңісімен және жоғары спорттық жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

