2026 жылғы 19–21 шілде аралығында Гонконг қаласында өткен жастар арасындағы дзюдодан Азия кубогында Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасының студенті Серікбай Әбілмансұр жоғары деңгейдегі спорттық шеберлік, қайсарлық пен жеңіске деген жігерін танытып, құрлықтық додада қола жүлдені жеңіп алды.
Азияның үздік жас дзюдошылары бақ сынаған беделді халықаралық турнирде жүлдегер атану – үлкен еңбек пен жүйелі дайындықтың нәтижесі. Бұл жеңіс – студентіміздің жеке жетістігі ғана емес, сонымен қатар университетіміздегі спорт саласының дамуының, сапалы білім мен кәсіби даярлықтың және жастар спортын қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың нақты жемісі.
Серікбай Әбілмансұр оқу мен спортты қатар алып жүріп, өз табандылығының, еңбекқорлығының және мақсаткерлігінің арқасында халықаралық жарыста ел намысын абыроймен қорғап, Қазақстан Республикасының көк Туын биікке көтеруге өз үлесін қосты. Оның бұл жетістігі университет студенттері үшін жігер мен табандылықтың, үздіксіз ізденіс пен еңбекқорлықтың жарқын үлгісі болып табылады.
Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің ұжымы Серікбай Әбілмансұрды халықаралық деңгейдегі осы зор жетістігімен шын жүректен құттықтайды! Спорттық жолында жаңа жеңістер мен толағай табыстарға жете беруіне, әрдайым жеңіс тұғырынан көрініп, Қазақстанның және университетіміздің абыройын асқақтата беруіне тілектестік білдіреміз.
Студентіміздің бұл жеңісі жастарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және жоғары нәтижелерге ұмтылуға ынталандыратын жарқын жетістік екеніне сенім білдіреміз.
Жеңісіңіз құтты болсын! Қазақстан спортының және университетіміздің мерейін үстем ете беріңіз!

