Оқу жылы қорытындысы бойынша Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті  педагогика факультетінің оқытушылар құрамы мен студенттері арасында «Жыл үздігі – 2018» байқауы жарияланды.

Байқау 2014 жылдан бері білім беру жүйесінің дамуына ерекше үлес қосқан оқытушыларды, университетке ерекше адалдығымен еңбек етіп жүрген қызметкерлерді, облысымыздағы мемлекеттік жастар саясатын кеңінен насихаттауға және жүзеге асыруға үлесін қосқан, әр сала бойынша өз кәсіби шеберлігін көрсеткен жастарды анықтау мақсатында жыл сайын өтіп келеді.

Ұйымдастырылған байқау 10 негізгі аталымнан тұрады. Білікті мамандардан құрылған комиссия үздіктерді анықтап, жеңімпаздарды марапаттады. Байқауда қатысушының тек 2018 жылғы жетістіктері ғана қаралды.

Оқытушылар арасында «Жыл адамы – 2018» аталымы бойынша биология магистрі Р.М.Бакесова, «Үздік ғылыми жетекші» аталымы бойынша педагогикалық ғылымдар магистрі С.Е.Сидахметов, «Факультет имиджін көтергені үшін» аталымы бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі Қ.Қ.Қайралы, «Үздік эдвайзер» аталымы бойынша  аға оқутышы, педагогика ғылымдарының магистрі Д.М.Какимова, «Үздік оқытушы-әдіскер» аталымы бойынша э.ғ.к., доцент  Б.Б.Суханбердина марапатталды.

Студенттер арасында  «Жыл студенті» аталымы бойынша «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс студенті Р.Саматов, «Оқу үздігі» аталымы бойынша «Информатика» мамандығының 4 курс студенті Г.Рамазанова, «Жас ғалым» аталымы бойынша «Тарих» мамандығының 4 курс студенті А.Қашапова, «Спорттағы жетістігі үшін» аталымы бойынша «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 2 курс студенті А.Қабдулмажит, «Университет имиджін қолдағаны үшін» аталымы бойынша «Жаңа толқын» КТК құрамасы марапатталды.

Байқауда топ жарған жеңімпаздарды құттықтай отырып, тек қана биік белестерден көріне берулеріңізді тілейміз.

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz