2017 жылдың 10-11 сәуір күндері Алаш қозғалысының 100 жылдығына арналған «Жастар – елдің рухани және зиятты әлеуеті: тарихи тәлім және даму келешегі» атты ХVІІ Халықаралық студенттер мен магистранттардың ғылыми конференциясының «Физика-математикалық ғылымдар және ақпараттық технологиялар» секциясы бойынша жұмыс жүргізілді. Конференцияға Самара Мемлекеттік техникалық университетінің, Батыс Қазақстан инновациялық – технологиялық университетінің инженерлік – технологиялық факультетінің студенттері қатысты.
Конференцияға қатысқан баяндамалар қазіргі таңдағы аса өзекті және әр уақытта өзекті болатын тақырыптарды қамтыды. Әсіресе, «Робототехнологияның дамуы», «Формирование киберсреды виртуальных предприятий», «Энергияны түрлендірудің тікелей әдістері» және басқа да тақырыптар тыңдармандардың қызығушылығын оятты. Тыңдалған баяндамалардың қорытындысы бойынша әділ қазылар жүлделі орындарды және номинацияларды анықтады.
«ЖББП және АТ» кафедрасы

