2023 жылғы 23 қарашада Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасында «Педагогикалық шеберлік мектебі» жұмысын іске асыру аясында «Қазіргі әлемнің Есептеу техникасы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның мақсаты – ғылымды дәріптеу үшін институттың ғылыми үйірмелерін біріктіру, білім алушыларды сабақтан тыс уақытта ғылыми қызметке тарту және қолдау. Бұл алатын мамандығына сәйкес бір немесе бірнеше ғылыми мәселелер бойынша жұмыстармен біріктірілген шығармашылық студенттік ұжым болып табылады.
Дөңгелек үстелге 6В07102 – «Электр энергетикасы», 6В07105 – Автоматтандыру және басқару (салалар бойынша) («Энергия” үйірмесі»), 6В11201 – «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» («Эрудит» үйірмесі), 6В06104 – «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» (Вычислители – үйірмесі), 6В07201 – «Мұнай-газ ісі» («Нефть без границ» үйірмесі), 6В11301- «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру» («Инженерия» үйірмесі) білім беру бағдарламаларының ғылыми үйірмелерінің қатысушылары мен жетекшілері қатысты.
Өз баяндамаларында білім алушылар ағымдағы жағдайға талдау жүргізіп, өмірдің түрлі салаларында IT технологияларды дамыту бағыттарын талқылады, таңдалған мамандықта есептеу технологияларын қолдану туралы ойлар айтты. Олар IT мамандарының білікті кадрларына қажеттіліктерді, сондай-ақ, оқу процесінде жаңа технологияларды қолдануды талқылады.
Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары заманауи есептеу жүйелерін дамыту мәселелерін белсенді және қызығушылықпен талқылады, спикерлер қойылған сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстел жоғары деңгейде өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар: «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының СҒЗЖ жетекшісі аға оқытушы Саргужиева Б. А. және «Вычислители» ғылыми үйірмесінің жетекшісі Рахимжанов М. Е.

