Білім беру процесін басқарудың заманауи “студентке бағытталған” тәсілі студентпен серіктестік қарым-қатынасты қалыптастыруды көздейді, өйткені студенттің болашақ маман ретінде өзін-өзі тануы тек оқу процесінде ғана емес, сонымен бірге оның нәтижелерін бақылау процесінде де күрт артады. Мұндай қатынастар оқу жетістіктерінің деңгейіне де, бақылау рәсімдеріне де қойылатын талаптардың айқындығы мен ашықтығымен, сондай-ақ студентпен “кері байланыстың” болуымен, нәтижелердің қол жетімділігімен және оларды барлық мүдделі тараптар үшін талдаумен сипатталуы тиіс.
БҚИТУ-дағы студенттік орталықтандырылған оқыту үдерістерін өзектендірудің бірі апелляция болып табылады және бағалау кезінде академиялық адалдықты сақтаудың маңызды қағидаттарының бірі білім алушылардың апелляциялық өтініштер беру мүмкіндігі болып табылады.
Қорытынды бақылау нәтижелерімен келіспеген білім алушылардың білім алушыларға қызмет көрсету орталығына апелляциялық комиссия төрағасының атына апелляциялық өтініш беруге құқығы бар. Апелляция «Platonus» ААЖ-ға бағалар жарияланған/енгізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күні сағат 18.00-ден кешіктірілмей беріледі.
Апелляция нәтижелері өтініш берушінің назарына бір жұмыс күні ішінде жеткізіледі.
Апелляциялық өтініштер ағымдағы, аралық немесе қорытынды бақылау кезінде алынған бағамен келіспеген жағдайда немесе білім алушының пікірі бойынша білімге аралық/қорытынды бақылау жүргізудің белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда беріледі.
Тіркеу-офисі А. К. Джубаялиева, Л.З. Кусикбаева