6В06104 «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» білім беру бағдарламасы шеңберінде ағымдағы жылдың 22 қарашасында «Netcracker Technology» компаниясының өкілдерімен қонақ дәріс өтті.

Аталған іс-шараға 2,3 курс білім алушылары қатысты. Қонақ дәрісі барысында «Netcracker Technology» компаниясының өкілі Сергей Москвин бүгінгі таңда телекоммуникация саласында және одан тыс жерлерде 250-ден астам клиенттері бар BSS/OSS шешімдерін, оркестрлеу және цифрлық трансформациялаудың жетекші әлемдік жеткізушісі болып табылатын ірі компаниялардың бірі екенін атап өтті.

Білім алушылар ақпаратты қызығушылықпен тыңдады, сұрақтар қойды және компания өкілі қойған сұрақтарға жауап берді. Білім алушылармен жақсы байланыс орнатылды.

Қорытындылай келе, «Біз ЖОО-мен және олардың білім алушыларымен достық қарым – қатынасты сақтауды жоспарлап отырмыз, бұл тек 3-4 курс практикасы мен тағылымдамасын өткізуге ғана емес, сонымен қатар болашақта табысты білім алушылар үшін жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді», – деді Сергей Москвин.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.