2024 жылдың 25 қараша күні «Педагогика пәнін оқытудағы белсенді әдіс тәсілдердің рөлі» тақырыбындағы Педагогика және психология кафедрасының аға оқытушысы Р.К.Ильясованың ұйымдастыруымен 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, 6В01101-Педагогика және психология білім беру бағдарламаларының студенттері мен кафедраның оқытушыларына арналған семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикумның негізгі мақсаты – қатысушыларға Блум таксономиясы туралы терең түсінік беру және оны оқу процесінде тиімді пайдалану дағдыларын дамыту. Блум таксономиясын пайдалану арқылы білім алушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, сыни ойлауды қалыптастыру, білімді тексеру мен бағалау үдерісін жақсарту жолдарын көрсету.
Семинардың теориялық бөлімінде аға оқытушы Р.К.Ильясова Блум таксономиясының мәні мен маңызын түсіндіріп, Блум таксономиясының әрбір деңгейіне (білу, түсіну, қолдану, талдау, бағалау синтез) педагогикалық тұрғыдан егжей-тегжейлі сипаттама берді.
Практикалық бөлімде қатысушыларға нақты оқыту жағдайларын қолдану арқылы әр деңгейде тапсырмалар дайындалды. Тапсырмалар қатысушылардың сыни ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған. Қатысушылар топтарға бөлініп, әр топ Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар орындап, нәтижелерін басқа топтармен бөлісті.
Қорытынды бөлімде қатысушылардың пікірлері тыңдалды. Блум таксономиясының оқыту үдерісіне ықпалы туралы жалпы талқылау жүргізілді.Қатысушыларға білімді бағалаудың және оқушылардың ойлау деңгейлерін көтерудің тиімді әдіс-тәсілдері туралы ұсыныстар берілді.
Семинар барысында қатысушылардың өзара тәжірибе алмасу арқылы білімдерін нығайтқаны байқалды. Бұл семинар-практикум педагогика пәнінде Блум таксономиясын қолдану бойынша білім мен дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді.


