СТИ «Құқық» кафедрасы оқытушылары Г.Ә.Нұртаза мен Е.А.Қарагойшиев Орал қаласындағы мектептерде кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу кестесі бойынша №33 және №22  орта жалпы білім беретін мектептеріне барды.

Кәсіби бағдар жұмысының мақсаты- мектеп оқушыларының қызығушылықтары мен еңбек нарығындағы сұраныстар негізінде кәсіби бағдар беру жұмысының тиімді жүйесін құру болып  табылады және дн оқушыларды, ата-аналарды мамандық бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.

Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізу барысында университетте дайындайтын мамандықтарға қатысты мәлімет айттылды, және ол жөнінде ақпараттық парақшалар таратылды. 

№33 орта жалпы білім беретін мектебінде аяқтаушы 2 11 сыныпта оқушылардың саны 24: 11Б сыныптағы оқушылар биология-химия, информатика-математика, география-математика, биология-география таңдап отыр, ал 11А -сыныпта оқушылардың төртеуі дүние жүзі тарихымен география, физика пәндерін таңдап отыр.

№22  жалпы орта білім беретін мектебінде аяқтаушы 11-сыныпта оқушылардың саны -31, 10 а сыныбы -16 оқушы, 10 б сыныбы 15 оқушы. Оның ішінде 28 оқушы ұлттық бірыңғай тест тапсырғалы отыр.

Студенттерді қабылдау және қабылдау емтихандарының шарттары туралы ақпараттандырылды. Университеттің шетелдің ЖОО-мен халықаралық ынтымақтастығы аясында студенттердің шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ерекше назар аударылды.

Оқушыларға Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетіндегі оқу үрдісінің мәдени-әлеуметтік аспектілері туралы айтылды. Кездесу барысында БҚИТУ-дағы оқу бақыттары және кәсіптік бағдар беру орталығының байланыстары туралы толық ақпараты бар үлестірме материалдар таратылды.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz