2024 жылдың 25 қараша күні Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің «Қаржы және экономика» кафедрасының оқытушылары мен білім алушылары Сәкен Ғұмаров мұражай – үйіне экскурсия жасады. Білім алушылар белгілі режиссер, аттрактивист-суретші, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі С. Ғұмаровтың шығармашылығымен танысты. Мұражайда суретшінің жеке коллекциясындағы суреттері, жеке заттары, фотоқұжаттары қойылған, қысқаша форматта суретшінің өмірі туралы видео-фильм көрсетті.
Білім алушылар мұражай қызметкеріне өз сұрақтарын қойып, көптеген құнды ақпараттар алды, аса қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісті.
