2024 жылдың 9-ақпанында  Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің Білім және менеджмент институтында «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен «Инновациялық технологияларды қолдану арқылы аударманы тиімді оқыту» семинары өтті. Бұл шараға Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінің кәсіби колледжінің директоры Каныбек уулу Ардакбек, арнайы пән оқытушылары Жээналиева Назда Надырбековна және Максатбекова Бегайым Максатбековна, Ж.Досмухамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледждің ағылшын тілі кафедрасы меңгерушісі Мұхтарова Ш. Е., Орал жоғары гуманитарлық-экономикалық колледжінің директоры Габдуллина З. М., директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Кәдірғалиев Б. А., институттың ПОҚ мен студенттер қатысты.

Семинардың мақсаты – отандық аударматанудың қазіргі мәселелерін талқылап, аударманы оқытуда заманауи, инновациялық технологияларды  тиімді қолдана отырып, болашақ аудармашылардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Бұл семинарда «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Матжанова Г.Ж. Қазақстандағы аудиовизуалды аударманың келешегіне тоқталып, бейне-материалдар мен шетел киноларының ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударылып жатырғанын, ана тілімізге деген сұраныстың болуын баяндаса, аға оқытушы, ф.ғ.м. Бахитжанова А.Б. университетте қолданылып жүрген аударманың CAT, Smartcat сияқты инновациялық технологиялары жөнінде мәлімет берді. Кафедраның аға оқытушысы, п.ғ.м. Ишанғалиева К.С. семинарға қатысушыларды Білім және менеджмент институтының білім беру бағдарламаларымен  таныстырды.  Семинар барысында, сонымен қатар, БҚИТУ, жұмыс және халықаралық қатынастар жөніндегі проректор Жубантаев И.Н. Ж. Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетімен бірлескен білім беру бағдарламасын жасау мүмкіндігін алға тартты. Қырғыз елінен келген қонақтар да өз ойларын ортаға салып, болашақта осындай бірлескен шаралар әрі қарай жалғасын табатынын айтты.

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz