2024 ж. 9 ақпанда БҚИТУ СТИ «Сәулет және құрылыс» кафедрасында «ПроектИнвестСтрой» ЖШС директоры Иманғазиев Асылан Имандосұлының қатысуымен қонақ дәріс өтті. Қонақ дәрісіне «Сәулет және құрылыс» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы, сондай-ақ 6В07301-«Сәулет», 6В07302-«Құрылыс», 6В07303-«Жерге орналастыру және кадастр» білім беру бағдарламалары бойынша оқитын 1,2 курс студенттері қатысты.

Дәріскер, «ПроектИнвестСтрой» ЖШС директоры Асылан Иманғазиев компанияда жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. «ПроектИнвестСтрой» ЖШС жобалық құжаттаманы талдаудан бастап нысанды пайдалануға бергенге дейін жобалауға байланысты жұмыстар мен қызметтердің толық кешенін орындайды. Компанияның стратегиясы жобалау, геодезия, жерге орналастыру, топографиялық түсірілім, құжаттарды кілтке дайындау сияқты нарықтың әр түрлі сегменттерінде мол тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беретін қызметтің кең мамандануын көздеді.

Қонақ дәрісі жоғары деңгейде өтті. Кафедраның профессорлық-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қонақ дәрісінің тақырыбымен терең және ашық танысты, дәріскерге профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттерді қызықтыратын сұрақтар қойылды.

Дәріс соңында кафедра профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер шақырылған лекторға қызығушылық танытқан дәрісті өткізуге уақыт бөлгені үшін алғыс айтып, кәсіби қызметінде үлкен табыс тіледі!

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz