2024 жылғы 8 ақпанда 6В04202 Құқықтану, 6В04203 Тасымалдауды, қозғалысты және көлікті пайдалануды құқықтық реттеу білім беру бағдарламалары бойынша БҚО ПД-мен бірлескен іс-шаралардың келісілген кестесі бойынша Салалық технологиялар институтының Құқық кафедрасының білім алушылары БҚО ПД-нің мұражайына экскурсияға барды.
БҚО ПД кадр қызметінің қызметкері полиция капитаны Армат Нурболатов студенттерге жиналған экспонаттар мен материалдар көрсетіп, полиция қызметінің қалыптасу және даму тарихы туралы баяндады. Білім алушылар алғашқы құқық қорғау күзетшілерінің, милиция қызметкерлерінің – Ұлы Отан соғысына қатысушылардың және біздің облыстың тылында қызмет еткен, қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің фотосуреттерін көрді.
Мұражай экспонаттарында полиция қызметкерлерінің жеке құжаттары, олардың жауынгерлік еңбегі үшін және қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша мінсіз қызметтері үшін наградалары, төсбелгілері мен қызметтік нысанды киімдері көрсетілген. Полиция қызметкерлері жұмыстарында пайдаланған 50-70 жылдардағы ғылыми-техникалық құралдар, атап айтқанда; камералар, шамдар, компастар, баспа машиналары көрсетілді.
2011 жылы Тараз қаласында терроризм актісінің жолын кесу кезінде қаза тапқан «Халық қаһарманы» полиция капитаны Ғазиз Байтасовқа жеке стенд арналған.
2002 жылы Орал қаласында қауіпті және қарулы қылмыскерді ұстау кезінде жарақат алған Абай ПБ учаскелік инспекторы полиция капитаны Ибрашев Бериктің өмірін сақтап қалған қылмыскердің оғынан зақымдалған 20 теңгелік монета білім алушылардың қызығушылығын тудырды. Осы ерлігі үшін Б.Ибрашев «Айбын» орденімен марапатталды.
Экскурсия болашақ заңгерлердің үлкен қызығушылығын тудырды.