2023 жылғы 18 қыркүйекте БҚИТУ СТИ ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының аға оқытушысы Ақатова Рысбике Ізбасқанқызы ВЕТ-11О, ВЕТ-12О топтарының 1 курс студенттеріне арналған Биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасына таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды.
Биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасы БҚИТУ СТИ құрылымдық бөлімшесі және заманауи аспаптармен жабдықталған ғылыми-өндірістік кешен болып табылады.
Экскурсия барысында студенттер ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханаларымен; микробиология және иммунология; морфология және физиология, фармакология және токсикология; ветеринариялық хирургия және акушерлік кабинетімен, дәріс аудиторияларымен танысты. Зертханалар жаңа мамандандырылған жиһаздармен жабдықталған, оларда ғалымдар, оқытушылар, аспиранттар мен студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға арналған аспаптар мен жабдықтар бар: жануарлардың буаздылығын, аналық жануарлардың көбею мүшелерінің ауруларын және еттің мәрмәрлігін анықтауға арналған ультрадыбыстық сканер, “КЛЕВЕР-1М” сүт сапасының ультрадыбыстық анализаторы, ЦЛУ-1-12 зертханалық центрифугасы, “Стейк” проекциялық трихинеллоскоп, мастит детекторы, электрлік микроскоптар, жануарларды бекітуге арналған көпфункциялық машина. Биотехнология ғылыми-зерттеу зертханасының базасында эмбриондарды трансплантациялау және ветеринариялық қызметтің басқа да басым бағыттары бойынша ғылыми зерттеулер орындалатын, әлемдік стандарттарға сәйкес келетін ғылыми-өндірістік кешен болып табылатын жалпы ауданы 820 м2 виварий орналасқан.


