2023 жылдың 14 қыркүйегінде Салалық технологиялар институтының 6В07102 «Электр энергетикасы» мен 6В07105 «Автоматтандыру және басқару» білім бағдарламасының 1 курс білім алушыларын «Энергетика, автоматтандыру және есептеу техникасы» кафедрасының аға оқытушылары, эдвайзерлері Н.Г.Буранова мен А.Б. Кайранбаева Ж.Молдағалиев атындағы Облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының көрмесіне апарды.

Мақсаты – кітапхананы жастардың сүйікті орнына айналдыру және жастардың кітапқа, әдеби шығармаларға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыру.

Кітапханашы білім алушыларды кітапхана тарихымен және кітапхана қорымен, кітапхананың пайдалану ережесімен, оқу залында ұйымдастырылған кітап көрмелерімен, кітапхананың оқу залы мен абонемент бөлімдерімен таныстырды. Білім алушыларға формуляр ашуға, әрдайым кітапхананың тұрақты оқырманы болуына, үйге кітаптар алуға болатындығы туралы айтылды. Сонымен бірге, Ж.Молдағалиевтің жеке керек-жарақтары бар кітапхана ішінде орналасқан мұражайын да көрді.

 

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz