2017 жылдың 17 қараша күні Нұр Отан акт залында Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен және «Заман» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: Рухани Жаңғыру” мақаласында көрсетілген басымдылықтарды жүзеге асыру, студент жастардың әлеуетін дамыту, жастардың шығармашылық қабілеттерін шындау мақсатында Халықаралық студенттер күні мерекесіне орай жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттері мен шығармашылық топтар арасында  «Жаңа толқын – 2017» фестивалі өткізілді.

Осы сайысқа Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінің студенттері қатысып, 9 номинация бойынша командалық  есепте II орын иеленді.

Жүлделі орынға ие болған келесі студенттерімізді жеңістерімен құттықтаймыз:

I орын  «Аспаптық өнер» номинациясы бойынша Еркін Бақберген;

I орын  «Заманауи ән» номинациясы бойынша  Табылдиев Райымбек;

II орын  «Патриоттық ән» номинациясы бойынша Жаңабаева Айдана;

II орын  «Ұлттық би» номинациясы бойынша  «Ару» би ансамблі;

II орын  «Үздік жеке туынды» номинациясы бойынша  Саматов Райымбек;

II орын  «Үздік жұргізушілер» номинациясы бойынша  Дауенов Жайық, Сагитова Асия;

III орын  «Заманауи би» номинациясы бойынша  «Killer Dance» би тобы;

III орын  «Көркем сөз» номинациясы бойынша Саматов Райымбек

 

БҚИТУ әкімшілігі және тәрбие ісі жөніндегі бөлім

ЖМЖКББМ «Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті»
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 194
    reception@wkitu.kz