15.11.17 халықаралық студенттер күні қарсаңында тілдер және менеджмент факультетінің студенттері арасында, жыл сайынғы дәстүрге айналған «Жайдарман» ойыны өткізілді. Ойынның жалпы тақырыбы «Студенттер күні» болатын.Ойын келесі сайыстардан тұрды:

  • Сәлемдесу;
  • 3 сайыс;
  • Үй тапсырмасы(СТЭМ).

Жайдарманға Тілдер және менеджмент факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Абдрахманова Динара Жумашовна,магистр, аға оқытушы Ислямов Руслан Сейілханұлы, магистр, аға оқытушы Тлесова Жанат Аманқосовна, «Евразийский Союз» командасының ойыншысы Қосдаулетова Айсұлу және «Жаңа толқын» жайдарман командасының ойыншысы Ерсайынов Нурбол төрешілік етті.

Ойынға барлығы 5 команда қатысып, жақсы ойын өрнегін көрсете білді. 2 сағаттан астам болған тартысты сайыстың қорытындысы бойынша, 3 орынды «Шет тілдері және аударма ісі» кафедрасының «Ice-cream» командасы, 2 орынды «Экономика және менеджмент» мамандығының «Болашақ» командасы және жеңісті 1 орынды және жеңімпаз кубогын «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығының «Не хабар» командасы алды. Сонымен қатар «Есеп және аудит» мамандығының «Қалай қарайсың?» және «Еуразия» индустриалды – экономикалық колледжінің «Күлімдеші» командалары алғыс хаттармен марапатталды. Ерекше актерлік шеберлігімен, тапқылығымен көзге түскен«Не хабар» командасының ойыншысы Халиуллин Асет
«Үздік ойыншы» атанды.

 

Мекен-жай
  • Қазақстан Республикасы
    090000, Орал
    Н. Назарбаев даңғылы, 208
    reception@wkitu.kz