БҚИТУ оқытушылары мен студенттері бұл жолы да жаңғыру, патриотизм, өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, азаматтық қоғамды дамыту тақырыбындағы үздік мақала байқауының жеңімпаздары болды. Байқау 2017 ж. 17 қарашасында ОБФ “Аялаған Алақан” ұйымдастырылды және өткізілді.
1-орынды педагогикалық факультет оқытушысы, тарих магистрі Дауесова Айжан иеленді. Ол грамотамен және 15000 теңге көлеміндегі сертификатпен марапатталған.
Белсенді қатысқаны үшін грамоталар және арнайы сыйлықтармен марапатталды:
Вьюгина Алена – БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультетінің экология және биотехнология кафедрасы оқытушысы
Кабиева Айдана – БҚИТУ инженерлік-технологиялық факультетінің студенті (ғылыми жетекшісі – Курманова Ж.Б., ғылым магистрі)
Хаертдинова Вероника – БҚИТУ гуманитарлық-заң факультеті студенті (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Телагисова Д.Ш.)
Сатымов Тимур – БҚИТУ тілдер және менеджмент факультеті студенті
Жас ғалымдарға табыс, шабыт және жаңа жеңістер тілейміз!
БҚИТУ жас ғалымдар кеңесі

