Ветеринария және техносфералық қауіпсіздік кафедрасының профессоры, биология ғылымдарының докторы Қанатбаев Серік Ғаниұлы МВМН-21 тобының 2 курс магистранттарына және Вет-31О тобының 3 курс студенттеріне ZOO MARKET ветеринарлық аптекасымен таныстыру экскурсиясын ұйымдастырды. ZOO MARKET ветеринарлық аптекасы қазіргі уақытта Орал қаласындағы типтік жобада салынған және ауыл шаруашылық малдары мен үй жануарларын қажетті дәрі-дәрмек пен құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз ететін мекеме болып табылады. Экскурсия барысында студенттер ветеринариялық аптеканың жұмысымен, қазіргі уақытта үлкен сұранысқа ие әртүрлі дәрі-дәрмектер мен, вакциналармен, мал қораларын бұқырлайтын ерітінділермен және құрал-жабдық, хирургиялық инструменттермен танысты. Сонымен қатар, ветеринариялық аптекада әртүрлі дәрі-дәрмектерді сақтау ережелері мен олар тасымалдау кезіндегі қойылатын талаптар туралы нақты мәліметтер алынды.

